Зерттеу мақсаты: оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың бір түрі ретінде пәнаралық байланысты қолдана отырып, факультатив сабақты өткізу әдісін теориялық тұрғыдан негіздеу және тәжірибелік тұрғыда зерттеу.
Зерттеу сұрақтары:
Жоғарыда айтылған талқылау аясында менің жұмысым химия пәніне мектеп оқушыларының танымдық қызығушылықтарын арттыруға үлес қосуды мақсат етеді, дәлірек айтқанда оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың бір түрі ретінде пәнаралық байланысты қолдана отырып, факультатив сабақты өткізу әдісін теориялық тұрғыдан негіздеу және тәжірибелік тұрғыда зерттеу. Жалпы, менің зерттеу сұрақтарым үш негізгі бағытты зерттеу үшін ұйымдастырылады:
Танымдық қызығушылық: Танымдық қызығушылық деген не? Білім алушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығын қалай арттыруға болады? Химия пәнін өту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың маңызы қандай?
Бұл сұрақтар оқушылардың білім алудағы қызығушылықтары мен химия пәніне танымдық қызығушылықтарын арттырудың маңыздылығын қамтиды.
Факультатив сабақтар: Факультатив сабақтардың жалпы сабақтардан ерекшелігі қандай? Факультатив сабақтарға қандай талаптар қойылады? Факультатив сабақтардың химия пәніне оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудағы маңызы қандай?
Бұл сұрақтар оқушылардың білім алуында факультатив сабақтар өткізудің ерекшеліктерін, оларға қойылатын талаптарды және химия пәнінен факультатив сабақты өткізудің артықшылықтарын қамтиды.
Пәнаралық байланыс рөлі: Факультатив сабақтарда пәнаралық байланысты қолданудың ерекшелігі қандай? Химияның басқа пәндермен пәнаралық байланысын оқушылардың пәнге танымдық қызығушылығын арттыруда қолданудың маңыздылығын неде?
Бұл сұрақтар факультатив сабақтарды өткізу барысында пәнаралық байланыстарды қолданудың ерешеліктерін және химия пәнінен оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруда химияның басқа пәндермен байланыстырудың артықшылықтарын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |