Химия-биологиялық факультатив сабағын 9 сынып оқушыларының химия пәніне қызығушылығын арттыру әдісі ретінде қолдану Кілт сөздер



бет3/3
Дата16.09.2023
өлшемі23 Kb.
#108193
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Зинадин Айдана эссе

Деректер жинау:
Химия мен биологияның пәнаралық байланысын қолдана отырып, факультатив сабақтарды жүргізу үшін арнайы зертханалық жұмыстар қажет етілетіндіктен менің зерттеулерім индуктивті болады. Ол негізінен химияның агроөнеркәсібінде қолданудың маңыздылығы мен химия-биология пәнаралық байланысын дәлелдейтін зертханалық тәжірибелерден тұрады. Бұл зерттеу жұмысын оқушылар химия пәнінің қарапайым өмірмен байланысын және бұл ғылымның тұрмыста және өнеркәсіптерде қолданысын түсіне алмағандықтан, әсіресе 9 сыныптың химия кітабында тақырыптар күрделеніп, білім алушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығы азаятындықтан 9 сыныпта химия пәнінен оқытылатын «Табиғи және химиялық тыңайтқыштар» тақырыбына негіздей отырып, зерттеу жұмыстарын 9 сынып оқушыларымен өткізетін боламын.
Зерттеулер Алматы қаласындағы жекеменшік «Jiger» мектебінің 9-сынып оқушыларымен сол мектеп қабырғасында өткізілетін болады. Зерттеулерді бастамас бұрын, «Jiger» мектебінің басшылығына зерттеулерді жүргізу кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен олар туралы ақпараттардың құпия түрде сақталатыны жөнінде кепілдік беріліп, факультатив сабақты өткізуге рұқсат және арнайы апталық уақыт кестесі сұралатын болады. Одан кейін 9 сынып оқушыларының ата-аналарынан зерттеулерді жүргізуге арналған қағаз жүзінде рұқсат алынады. Зертханалық тәжірибелерді бастамас бұрын факультатив сабақтың ең алғашқы сабағында оқушыларға химия кабинетінде зертханалық жұмыстар жасау барысындағы техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып, білім алушыларға «Химия кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережесіне» қол қойдырылады.
Менің ойымша химия-биология пәнаралық байланысын қолдана отырып, арнайы факультатив сабақтарда зертханалық тәжірибелер өткізу білім алушыларға химия ғылымының адам өміріндегі қолданысы мен маңызын түсіндіріп, пәнге деген танымдық қазағушылығын арттырады.
Деректерді талдау:
Жалпы алғанда, үш негізгі зерттеу сұрағы жиналған деректерді зерттеу үшін маңызды аналитикалық негізді қамтамасыз етеді. Мен химияның биологиямен пәнаралық байланысын қолдана отырып, факультатив сабақты өткізудің оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруына қатысты стратегиялар және бағдарлардың типологиясын әзірлеуді мақсат етіп отырмын. Мен өте жалпыланған талаптар қоя алмауым мүмкін, мен оқушылардың химия пәніне танымдық қызығушылығын арттырудағы маңызы мен мәнін түсіну үшін тәжірибелік жұмыстар ұсынамын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Выготский Л.С. Педагогическая психология. - М.: АСТ: Астрель: Хранитель, 2012. - 671 с.

  2. Федорова С.А. Развитие познавательного интереса к предмету химия при выполнении исследовательской работы // Журнал: Проблемы и перспективы развития. 2012 – С.165.

  3. Мария С.П. Теория и методика обучения химии. - М.: РГПУ им. А.И. Герцена, 2015. - 34 с.

  4. Штремплер Г.И. Теория и методика обучения химии — Саратов: СГУ им. Н.Г. Чернышевского, 2011. - 17 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет