Дәріс жоспары: 1. «Білім беру мазмұнының мәні» түсінігі
2. Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары
3. Жалпы білім берудің мазмұнын таңдап алудың ұстанымдары мен өлшемдері
4. Білім беру мазмұнын құрамаларына сипаттама
5. ҚР Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері
6. ҚР «Білім туралы» заңы
Білім беру мазмұны –оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі тиіптегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде «нені оқыту керек» сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақталған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен қатар оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсаттарын ескереді.
Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндіктеріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек.
Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделген.
Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта , қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Бастауыш сыныптарда барлық пәндерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе, орта сыныптарда жүйелі білім беріледі.
Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, оқулықтарда, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында, электрондық оқу құралдарында нақтыланады.
Білімнің мазмұнын оқыту процесіндегі компоненттерінің бірі. Бұл білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйелердің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамып, ғылыми материалдық көзқарастары қалыптасады. Педагогикалық теорияларды және күнделікті тұрмыста білімге түсіндірме әртүрлі тұрғыдан беріледі. Мысалы, білім беру сатылары туралы сөз болғанда мынандай ұғымдар пайдаланылады: бастауыш, орта, жоғарғы білім.
Ал, сипатына қарай педагогикалық міндеттердің технологиялық және т.б. білім беру ұғымдары пайдаланылады. Жалпы білімді мектеп береді. Жалпы білім арнайы және кәсіптік біліммен тіркесе орта, арнайы оқу орындарында және колледждерде беріледі. Білімнің мазмұны туралы мәселелерде өте көкейкесті саяси мәселелер болып табылады. Білім беру мазмұнын анықтау, бұл өсіп келе жатқан ұрпақты неге үйрету, сондай-ақ оқыту мазмұнын анықтауды шешу деген сөз.
Білім мазмұны – жас ұрпақтың өркениетті демократиялық қоғамда өмір сүруі үшін оған қазіргі кезеңдегі білім жүйесімен дүниетанымды игерту. Білім мазмұны жаңа ақпарат ағымын санала түсіну, оны бағалай білу, кез келген жағдайда шығармашылық шешім қабылдау, рухани адамгершілік қағидаларды игерту бағыттарын белгілейді.
Халыққа білім беру ісін жетілдіру – мемелкет саясатының өзекті мәселелерінің бірі.