Сабақ жоспарларында қандай әдістер қолданылғандығын анықтаныз. Оқыту әдістерін қолданып, сабақ жаспарын құрастырыңыздар



бет1/2
Дата11.03.2022
өлшемі115,86 Kb.
#27656
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
-6 практикалық тапсырма кусаинова жарат (копия)


6 практикалық тапсырма

Кусаинова Акмарал

1. Оқыту әдісі және оның түрлері туралы талқылау. Кестені толтырыңыздар. Жаратылыстанудан 1-4 сыныптарға арналған сабақ жоспарларында қандай әдістер қолданылғандығын анықтаныз. Оқыту әдістерін қолданып, сабақ жаспарын құрастырыңыздар.

Оқыту әдісі және оның түрлері


Сөздік көрнекілік практикалық интербелсенді




оқыту әдістері — оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы болып табылады. Адам баласы өзін қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы сезініп,түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі – көру болып табылады. Көру жақсы сақталатынын арқылы қабылданған ақпараттар оқушылардың есінде ескерсек, кейбір заттарды тіпті көрнекіліксіз есте сақтау мүмкін емес. Сондықтан оқытудың алтын ережесі: көрініп тұрған заттарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дәмін таттыру. Көрнекілік арқылы оқушылардың қоршаған орта мен өмір құбылысын және заттарды салыстыра отырып ойлап, қабылдау арқылы оқушылардың сана-сезімі қалыптасады, мәселені түйсіну деңгейі артады. Көрнекілік әдіс – барлық пәнде сабақ сайын қолданылатын әдіс болып табылады.

Оқытудың практикалық әдістері – оқу материалын меңгеру үдерісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін арттыруға үлес қосады. Практикалық әдістерді дүниетану пәнінде тәжірибелік жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Интербелсенді оқу/оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттерді, мысалы, бірлескен жұмыстар жеке, жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның зерттеу жұмыстары, рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау, шығармашылық жұмыстар т.б арқылы жүзеге асады. Ағылшын тілінен аударғанда «inter» -«өзара», «act» -«әрекет жасау» дегенді білдіреді.Яғни интербелсенді әдістер үйретуші (мұғалім) мен үйренушілердің (оқушы) өзара әрекеттесуін оқу/оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.


Жаратылыстану бағытында 1-2 сыныптарда «Жаратылыстану», 3-4 – сыныптарда «Дүниетану» пәндері оқытылады. Пәннің ерекше мәнге ие болу себебі ол – барлық жаратылыстану пәндерінің, оның ішінде биология, география, химия, экология пәндерінің бастамасы болғандықтан, сол пәндер бойынша элементарлық білім негізі қаланады. Бала дүниеге келгеннен кейін өзін қоршаған барлық дүниені тануға талпынады.Бастауыш сынып бүлдіршіні – белсенді дүниетанушы. Сондықтан осы пәнді оқыту арқылы оқушы тұлғасын тәрбиелеуге басты назар аударылады.Кез-келген ғылым саласы сияқты жаратылыстану бағытындағы пәндер оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, ғылыми білім жүйесіне негізделіп, танымның логикалық–саналы тәсілдеріне арқа сүйей отырып, оқушыға берілетін теориялық біліммен сипатталып, ғылыми категориялар мен дәлелдерді кеңінен пайдалануға машықтандырады.Мектептегі жоғарғы сыныптарда мамандыққа бейімдеу бойынша жаратылыстану – математика бағытында математика, физика, география, биология, химия, информатика және технология пәндері оқытылады. Ал бастауыш сыныпта оқытылатын жаратылыстану пәні осы пәндерге баланы бағыттау, бейімдеу болып табыладыЕнді осы жаратылыстану пәнін оқытуға тоқтала кетейік. Жаратылыстану пәнінің құзіреттілігін арттыруда қандай әдіс-тәсілдерді қолдану тиімді деген сұрақ туындайды.Атап айтсақ, география пәнін оқытуда көбінесе сыни тұрғыда оқыту технологиясын қолданса,биология мен химия пәнін оқытуда жұптық,топтық жұмысты, ал физика, математика пәндерін оқытудадеңгейлеп оқыту, дидактикалық бірліктерді ірілендіру (ДБІ),математикалық білім технологиясы көбірек қолданылады.Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Алтынсариннің мұғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулерімізде маңызы болды. Ы.Алтынсарин бойынша оқытудың жеке әдіс – тәсілдеріне: а)

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет