Химия факультеті



бет5/15
Дата17.10.2023
өлшемі88,55 Kb.
#116891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Еріткіш қатысында «Қарсы ағЫС» Әдісімен стационарлы катализа 2

Жұмыстың мақсаты – Кучеров әдісі бойынша сынап оксиді қосылған күкірт қышқылы катализаторы қатысында ацетиленнен сірке альдегидін алу.
Процестің шарты: күкірт қышқылының және темір (III) сульфатының концентрациялары, реакторға ацетиленді жіберу жылдамдығы;
Күкірт қышқылы – 8 % -тік сұйытылған ерітінді;
Темір (III) сульфаты – негізгі деңгейі - 15% ерітінді, түрлендіру шегі -3%;
Көлемдік жылдамдық – негізгі деңгейі – 60 мл/мин, түрлендіру шегі -30мл/мин;
Жұмысты орындау әдістемесі. Орындау келесі сатылардан тұрады: қондырғыны жинау және саңылаусыздығын тексеру; катализатор дайындау; ацетилен алу және тазалығын тексеру; газометр, реометрді градуирлеу; өнімді анализдеу.

Ацетиленді гидратациялау процесіндегі қауіпсіздік техникасы. Ацетилен ауамен қосылғанда қопарылғыш қоспа түзеді. Ацетиленнің концентрациясы кең интервалда – 2- ден 80%- ға дейін ацетиленнің көлемдік процентін түзейді. Егерде ацетилен қосынды заттардан жақсы тазаланбаса, тәжірбиенің 95-980С температурасында қопарылыс болуы мүмкін. Сонымен бірге ацетиленнің құрамында ауа қалып қойса, онда ол катализаторды ингибирлеуге алып келеді де, процестің бағытын өзгертеді. Сондықтан мынадай сақтық шараларын сақтау қажет:

1. Құрамында 2% кем ауа бар таза ацетилен алу;


2.Ацетиленнің реакция жүйесіндегі ауадан тазалығын бөлме температурасында жүргізу;
3.Жүйені ауадан тазалағаннан кейін ғана реакторды қосу керек.
Ацетиленді алу, тазалау және анализдеу. Ацетиленді гидратация реакциясы үшін (ауа тартқыштың (тяга) астында) кальций карбидін гидролиздеу арқылы алады:

Кальций карбидін конус тәрізді колбаға – 1 салады (9- сурет), оның тығынына тамшылатып құйғыш –2 сумен және газ шығаратын екі түтікше қойылған. Оның біреуі – тазалағыш жүйемен, екіншісі сақтандырғыш қақпақпен қосылған. Ацетиленді күкірттің және фосфордың ұшқыш қосылыстарынан өте таза түрінде тазалау қажет. Тазалағыш жүйе біртіндеп қосылған төрт шыны ыдыстан тұрады. Алғашқы екі шыны ыдыстың 1-сіне күкірт қышқылындағы қаныққан бихромат ерітіндісі, 2-ге азот қышқылының 50 – 60 %-тік ерітіндісі, 3-шіге 20%-тік сілті ерітіндісі құйылған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет