7
Сыну көрсеткішін анықтауға арналған кұралдарды
рефрактометрлер деп
атайды. Рефрактометрлердің бірнеше түрлері бар. Солардың ішінде бір
ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған Аббе рефрактометрлерін қолдану
саласы өте кең. Аббе рефрактометрлері
өлшегіш призма мен шкаланың
құрылымдарымен, қосымша жарық беретін призманың болуымен, өлшеуді
жүргізу үшін күндізгі немесе жасанды жарықты қолдануымен ерекшеленеді.
Аббе рефрактометрінің шкаласы
тікелей сыну көрсеткіші
D
n
мәндерінде
градуирленген. Сондықтан қандай да бір есептеу-лерді жүргізуді қажет етпейді,
сыну көрсеткішін өлшеу бірнеше минуттар ішінде жүргізіледі.
Қазіргі уақытта Аббе рефрактометрлерінің жетілдірілген құралдарының бірі
– ИРФ-454 рефрактометрі (3.4-сурет).
3.4-сурет. Рефрактометр ИРФ-454: 1 – окуляр; 2 – юстировкалық құралының бұқтырмасы;
3 – компенсатор жүрісін реттейтін дөңгелек; 4 – жарық беретін призма камерасының
тұтқасы; 5 – термометр; 6 – шкала бұрмасын реттейтін дөңгелек; 7 – компенсатор шкаласы; 8
– жарық беретін призма терезесінің жапқышы; 9 – көмескі
жарық айнасы; 10 – өлшегіш
призма терезесінің жапқышы; 11 – юстировкалық кілт; 12 – юстировкалық табақша
Бұл рефрактометрде шкала окуляр арқылы бақыланып,
бір мезгілде толық
ішкі шағылысудың шекаралас сызығымен көрінеді (3.5-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: