Лекция 3: Өсімдік шикізатының қысқаша түсіндірмесі. Жинау, біріншілік өңдеу, кептіру, дәрілік шикізатқа сапалық анализ жасау. Өсімдіктің систематикасын алғаш рет XVIII ғасырда атақты швед ғалымы Карл Линн жасаған болатын.
Негізгі систематикалық бірлік қызметін түрі мен тегі атқарады. Өсімдіктің халықаралық атауының бинарлы жүйесін қолданады. Атаудың бірінші бөлімі тегін, ал екінші бөлімі өсімдік түрін көрсетеді, ары қарай ботаниктің фамилиясының қысқаша түрін береді. Мысалы, Scopolia tangutica Maxim - Скополия (текті аты), тангутская (түр атауы), К.Н. Максимович (орыс ботанигі, 1881 жылы алғаш өсімдікке сипаттама берген).
Медициналық практикада дәрілік өсімдіктің 400 түрі, химико - фармацевтикалық өндірісте өсімдіктің 150 түрі қолданылады.
Өсімдік шикізатының қайнар көзі:
Жабайы өсетін дәрілік өсімдік. Өсімдіктің 150 түрі дайындалады, 600 атау алынады.
Егілетін дәрілік өсімдік. Өсімдіктің 60 шақты түрін өсіреді.
Культура тканей лекарственных
Закупка импортного сырья
Дәрілік өсімдік шикізатының негізгі көзі – егілетін және жабайы өсетін өсімдіктер. Егілетін өсімдіктің дайындалуы шикізат сапасына байланысты.
Өсімдік шикізатының классификациясы. Товароведческая – өсімдік мүшесіне байланысты(жапырағы, шөбі, тамыры, тұқымы)
Фармакологиялық – дәрілік заттардың спецификалық әсеріне байланысты
Химиялық – ағымды заттардың табиғатына байланысты(мысалы, алкалоид, кумариннен тұратын шикізат).
Өсімдік шикізаты – шикізаттың ерекше түрі, ол клеткалы құрылымға ие. Өсімдік шикізатының құрылымының ерекшелігін технологиялық препарат жасауда ескерген жөн.
Жеке өсімдік клеткасы дамыған күрделі биологиялық және физиологиялық функциясы бар жеке организм клеткасын көрсетеді.
Өсімдік клеткасы оның құрылымына тәуелсіз форма мен өлшемге ие.
Өсімдік клеткасы жартылай сұйық протопластан және қабаттардан тұрады. Клетка ішінде оның физиологиялыө функциясын анықтап, зат алмасуды қадағалайтын органоидтардың қатары бар.