Шикізатты жинау және біріншілік өңдеу. Өсімдікті жинау белгілі бір мезгілде болады. Ол кезде оның құрамында керекті заттар көбейеді. Оны дайындау географиялық зона мен климаттық талапқа байланысты.
Дәрілік өсімдік шикізатын дайындаудың жалпы ережесі. Өсімдіктің жоғарғы бөлігін тек құрғақ ауа райы күні жинайды. Көбіне күндіз жинаған дұрыс. Шикізатты көбіне гүлдене бастаған кезінде дайындайды. Сол кезде оның көп массасын жинап алуға болады, және құрамында керекті заттар көбірек болады.
Көпжылдық өсімдіктердің жоғарғы бөлігін оның төменгі бөлігіне зақым келмейтіндей етіп, абайлап жинағау керек. Жапырақтарын жасыл болған кезде дайындайды.
Төменгі бөлігін ылғал ауа райында да жинай беруге болады. Себебі оны қолданбас бұрын кептіріп алу керек болады. Көбіне күз мезгілінде жиналады. Кейде түбірлерін дайындауды көктемде де жасай береді, көбінесе жабайы өсетін өсімдіктерді жасайды. Болота өсімдіктерінің тамырын суланғаннан кейін барып жинайды.
Гүлдерін көбіне өсімдік енді гүлдей бастағанда жинайды.
Тұқымын таңғы уақытта немесе кешке таман құрғақ ауа райында жинайды.
Тамырын көктемде жинаған дұрыс. Сол кезде оны ағашынан бөліп алу оңайға түседі.
Шикізатты біріншілік өңдеу дегеніміз оны қоспалардан, дефектті бөліктерден тазарту жатады.
Көбіне қоспаларға мыналар жатады:
Шикізат түсінің өзгерген бөлігі
Органикалық қоспа
Минералдық қоспа(топырақ, тас)
Жапырақтан дефектті заттар мен қоспаларды тазартады. Гүлдерден көбіне түсі өзгерген, қураған бөлігін алып тастайды.
Дәрілік өсімдік шикізатын кептіру. Фитопрепарат өндірісінде көбіне кептірілген, жаңадан жиналған шикізат қолданылады. Дәрілік өсімдік шикізатын кептіру оның сапасына әсер етеді,
Кептірудің жалпы ережесі:
Кептірудің температуралық режимін қадағалау.
Эфир майлары бар шикізатты 25-300С температурада кептіреді.
Құрамында гликозид бар шикізат 25-300С температурада кептіріледі, ол гликозидтерді құртатын ферменттерді инактитеуге көмектеседі.
Алкалоиды бар шикізатты 600С температураға дейін кептіреді.
Аскорбин қышқылы бар шикізатты 80-900С температурада кептіреді.
Дәрілік шикізаттың барлық кептіру әдісінде жұқа қабатпен жайып, біртекті аударып тұрады. Өсімдік тамырын бүктеген кезде ол майыспай керісінше сынбаса, гүлі мен жапырағы ұнтақталса, тұқымы жабыспайтын болса кептіру аяқталды деп айтуға болады.
Өсімдік шикізатының пайдалы қасиеттерін тауарлы, сандық химиялық анализ және шикізаттың биологиялық стандарттары арқылы орнатады.
Қаптау және сақтау жағдайлары оның сандық және сапалық түрде сақталуын сақталу мерзімінің барлық кезеңінде және тасымалдау уақытында қамтамасыз етуі қажет.
Дәрілік өсімдік шикізатын оның анатомо-морфологиялық құрылымына және физика-химиялық қасиеттеріне сәйкес келетін ыдысқа салып орайды, мысалы, қаптарға, пакеттерге, бумаларға, фанерлі жәшіктерге.
Буылған шикізаттың сақтау қағидалары сапалық өндірістік практикада және ұлттық НД біріктірілген.
Дәрілік өсімдік шикізатын құрғақ, таза, жақсы желденген қойма зиянкестерімен залалсызданбаған қоймаларда, тікелей күн сәулесінің түсуін болдырмайтын және 10 - 120°C температура жағдайларында сақтау қажет.
Дәрілікөсімдік шикізатын сақтау кезіндеішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.
Сыртқы фокторлар гигиеналық (ылғалдылық және ауа температурасы, жарықтың әсері) және табиғи-климаттық (жыл мезгілі, күлділік) болып бөлінеді.
Ішкі факторлар – дәрілік өсімдік шикізатындағы физика-химиялық және биологиялық процестер. Шикізатты сақтау кезінде оның сапасына айтарлықтай әсер ететін фактор ылғалдылық. Шикізаттың қалдық ылғалдылығы 10 – 15%-дан аспауы қажет, ылғалдылықтың одан артып кетуі өздігінен қызуға, көгеруге, нығыздалуға және шикізаттың шіруіне алып келеді. Сол себепті мұндай шикізатты сақтаудың қажеттілігі жоқ.
Шикізатты сақтау кезінде жыл сайын оның сақтау орнын өзгертіп тұру қажет және сол шикізаттың НД сәйкес сақталу мерзімін тексеру керек және қойма зиянкестерінің болмауын қадағалау қажет. Қойманы және сөрелерді шикізатты тексеру кезінде залалсыздандыру қажет.
Дәрілік өсімдік шикізатының көп бөлігін жалпы қоймада сақтайды. Жеке қоймаларда келесі шикізат түрлерін сақтайды.