Химия және химиялық технология факультеті



бет15/27
Дата02.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#98286
түріПротокол
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Лекция 4 – 5: Ферменттер. Липидтер. Нәруыздар. Көмірсулар, полисахаридтер. Көмірсу-нәруызды комплекстері бар өсімдік шикізатын өңдеу технологиясы.
Көмірсулар – моно-, ди-, олиго-және полисахаридтер өсімдіктердың барлық мүшелерінде болады, әсіресе жемісінде. Суда жақсы ериді.
Нәруызды заттар – ядроның протоплазмасы түрінде барлық өсімдікте кездеседі, максималды түрде тұқымда.
Май – қосымша және бүркеуші зат, жапырақта түзіледі, ал кейін барлық органдарға тасмалданады. Қосымша ретінде тұқымында, жемісінде және түбірінде жиналады.
Нәруыздар – биополимерлер, құрылымды негізін полипептидті ұзын тізбек құрайды, олар өзара пептидті байланыс арқылы байланысқан α-аминқышқылдарынан тұрады. Нәруыздарды жай (гидролиз кезінде тек аминқышқылдарын береді) және күрделі – оларда нәруыз табиғаты нәруызға келмейтін заттармен байланысқан: нуклеин қышқылдарымен (нуклеопротеидтер), полисахаридтермен (гликопротеидтер), липидтермен (липопротеидтер), пигменттермен (хромопротеидтер), металл иондарымен (металлопротеидтер), фосфор қышқылының қалдықтарымен (фосфопротоидтер) және т.б.
Қазіргі кезде өсімдіктердің құрамындағы нәруыздар медицинада қолданылмайды. Бірақ болашақта модифицирленген өсімдік нәруыздары адам организміндегі зат алмасуды реттеп тұру үшін қолданылуы мүмкін.
Н
уклеин қышқылдары және ферменттер – биополимерлер, нуклеотидті мономерлі түйіндермен жалғанған, фосфорлы қышқыл қалдықтарынан, көмірсулы компоненттен (рибоза немесе дезоксирибоза) және азотты (пуринді немесе пиримидинді) негізден тұрады.
Дезоксирибонуклеин (ДНК) және рибонуклеин (РНК) қышқылдары деп бөледі.
ДНК толық гидролиз кезінде аденин, гуанин, цитозин, тимин, дезоксирибоза және фосфор қышқылын бөледі, РНК – аденин, гуанин, цитозин, урацил, рибоза және фосфор қышқылын бөледі.

Өсімдіктен алынған нуклеин қышқылдары әзірше емдік мақсатта қолданылмайды.


Ферменттер – биохимиялық реакциялардың катализаторы – нәруыз құрылымды болуы мүмкін, бірақ, көп жағдайда, протеидтер болады, яғни нәруызды (апоферментті) және нәруызды емес (коферментті немесе коэнзима) бөліктерден тұрады.
Тек қана полиоксикарбонильді қосылыстардан тұратын көмірсуларды гомозидтар деп атайды, ал олардың молекулаларында басқа қосылыстардың қалдықтары бар туындыларын гетерозид деп атайды. Гетерозидке гликозидтің барлық түрлері жатады.
Моно- және олигосахаридтер – барлық жасушаның компоненті. Полисахаридтер протопластта тіршілікке қажетті өнім ретінде белгілі бір мөлшерде жинақталады.
Моносахаридтерден және олигосахаридтерден таза күйінде глюкоза, фруктоза, сахароза қолданылады. Энергетикалық заттар бола тұра моно- және олигосахаридтер, әр түрлі дәрілік формаларды дайындағанда толықтырғыштар ретінде пайдаланылады.Оларды қант қамысынан, қызылшадан, жүзімнен, қылқанды ағашты гидролиздеп және ағашпен қапталған дәндерден алады.
Полисахаридтердің бір бөлігінің құрамында моносахаридті бірліктер (крахмал, целлюлоза, инулин, ксиландар, маннандар жәнеглюкандар, лихенин немесе қыналы крахмал) бар. Полисахаридтердің келесі бөлігі толығымен немесе кішкене уронды қышқылдардан немесе глюкозамин қалдықтарынан тұрады. Бұларға жататындар: гемицеллюлоза, пектин, альгин қышқылы және оның туындылары – альгинаттар, сонымен бірге медицинада түрлі дәрілік формадакең қолданыс тапқан хитин, шайырлар және шырыштар.
Маннандар, микроорганизм өнімдері, қазіргі таңда терең зерттелуде және болашақта медицинада және азық-түлік өндірісінде кең қолданыс табатыны анық.
Липидтер – майлар және майға ұқсас заттар, жоғары май қышқылдарының, спирттерінің немесе альдегидтерінің туындылары. Олар жай және күрделі болып бөлінеді. Жай түріне молекуласында май қышқылдарының (немесе альдегидтер) және спирттердің ғана қалдығы бар липидтер жатады. Молекуласында фосфоры бар қышқыл қалдығы бар қосылыстар, моно- немесе олигосахаридтерді күрделі деп атайды. Ағзада қанықпаған май қышқылдарынан туындайтын прос-тагландиндер майларға жақын болып табылады.
Жай липидтерге баріне белгілі табиғатта май, майлы майлар және балауыз түрінде кездесетін, триацил-глицириндер (триглицириндер) жатады.
Күрделі липидтер екі үлкен топқа бөледі: фосфо-липидтер және гликолипидтер, яғни, молекуласында фосфор қышқылының қалдығы немесе көмірсулы компонент бар қосылыстар.
Құрамында полиқанықпаған фрагменттері бар липидтер биологиялық белсенді. Полиқанықпаған липидтер немесе оларға бай заттар ұмытшақтыққа қарсы әсер етеді.
Медицинада майлар, майлы майлар, балауыз дәрі дайындау үшін кең қолданылады, кейде өздері дәрілік зат ретінде қолданылады. Фосфолипидтер – жақсы сіңірілетін фосфорлы қосылыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет