Химия кафедрасы



бет5/8
Дата26.10.2022
өлшемі258,5 Kb.
#45478
1   2   3   4   5   6   7   8
Қолданылуы : балқытпа алуда Сd металдарда қорғаушы қаптау ретінде де қолданылады.
Сынап электрод есебінде. Люменисцент лампасы сынап буларымен толтырылады. Амальгамалары металлургияда кейбір металлдарды ажратып алу үшін қолданылады. (мысалы алтын). НqО бояу алуда қолданылады. Оның бояуы су кеме түптерін бояуда қолданылады. Балдырлар жабыспайды НqCl2 ауыл шаруашылығында ядохимикат есебінде қолданылады.

5 дәріс


Тақырып: Скандий және иттрий қосылыстарының химиясы.


Скандий (лат. Scandіum ) Sc — элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы химиялық элемент. Бір тұрақты табиғи изотопы 45Sc бар.Радиоактивті изотоптары жасанды жолмен алынған. Д.И. Менде-леев алдын ала болжаған элемент (1870). С-ді 1879 ж. швед химигі Л.Ф. Нильсон(1840 — 99) алғаш рет Скандинавиядан табылған гадолонит пен эвксенит минералдарынан бөліп алған, сондықтан элемент “Cкандий” деп аталды. Табиғатта тау жыныстарының құрамында кездеседі. Жер қырты-сындағы нағыз шашыранды элемент. Маңызды минералдары тортвейтит, истеретит. Скандийдің кристалдық торы гексагоналды (Sc, 1336оС-қа дейін) және көлемді центрленген кубтық (Sc). Кесек Cкандий жұмсақ, сарғыш реңді,күмістей жылтыр, ақ металл; тығызд. 3,020 г/см3, балқу t 1541оС, қайнау t 2831оС, әлсіз парамагнетик. Ауада оңай жанып, оксид пленкасын (Sc2O3) түзеді. 4Sc +3O2═2Sc2O3 Тотығу дәрежелері +3, кейде +2, сумен, сұйытылған сілті ерітінділерімен әрекеттеспейді. Cұйытылған HCl, H2SO4, HNO3 ерітінділерімен, 450оС-та сутекпен, ал 400 — 600оС-та Актив қыздырғанда көпшілік металл еместермен реакцияласады, галогендермен әрекеттеседі. 2У+3Сl2 ═2 УCl3  Металдармен қатты ерітінділер және интерметалидтер түзеді. Cкандийді алу үшін хлоридін немесе фторидін арнаулы пештерде терм. әдіспен тотықсыздандырып, соңынан терең вакуумда (10–6 сынап бағанасы мм, 1700оС) буландырады. Cкандий сирек ұшырасатын, әрі қымбат элемент болғандықтан аз қолданылады.Sc, иттрий У, және екі әулет әрқайсысы 15 элементтен лантаноидтар 57La-71Lu, актиноидтар 89Ас-103Lr. Бұл әулеттер элементтері кейбір қасиеттері бойынша ұқсас Sc, У, La Ac сыртқы электрондық қабықтары (n-1)d1nS2. Tотығу дәрежесі +3.
Иттрий (Ytterіum), Y – элементтердің периодтық жүйесінің ҚҚҚ тобындағы элемент, сирек жер элементтеріне жатады; ат. н. 39; ат. м. 88,91. Табиғатта тұрақты бір изотопы бар (89Y). Күмістей ақ түсті металл, тығыздығы 4,47 г/см3; балқу t 15000С; қайнау t 29270C. И-ді 1794 жылы финн химигі Ю.Гадолин (1760 – 1852) иттербий “жері” (И. оксиді) түрінде ашқан. Итрий қышқылменгалогендерменсутекпен, қайнаған сумен әрекетте-седі. Цирконсфенапатитэфдиалитуранинит минералдарында кездеседі және оларды өңдеу кезінде алынады. И. Fe, Nі, Tі, Cr, Mo-ге легирлеуші қоспа ретінде, ядролық реакторлардың құралымдық материалы ретінде пайдаланылады. Синтететикалық итрий (алюминийлі гранат) радиоэлектроникада және зергерлік өнеркәсіпте қолданылады.Скандий – ашық сары түсті металл, иттрий – күміс ақ –металл.

6 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет