Шымкент 2016 №1 дәріс Тақырыбы: Кіріспе. d- және f-элементтердің жалпы сипаттамасы. Атомдар құрылыстарының ерекшеліктері.
Дәріс тезистері: d-элементтерге атомдарының валенттік электрондары (n – 1)d ns-деңгейінде орналасқан элементтер жатады және олар (IIIВ–VIIВ, IВ, IIВ) топшаларын құрып кәдімгі s-металдар (IА, IIА) мен p-элементтер арасындағы аралық орындарды алады. Периодтық жүйедегі 109 элементтің 37-сі d-элементтерге жатады; оның ішінде соңғы 7 радиоактивті және аяқталмаған 7-ші периодқа енеді. d-элементтер атомдарының электрондық құрылыстары олардың химиялық қасиеттерін анықтайды. 3d-элементтер химиялық қасиеттері бойынша 4d- және 5d-элементтерден кәдімгідей ерекшеленеді. Айта кету керек, IVВ–VIIВ топшалардың элементтері көптеген химиялық қасиеттері бойынша
өзара жақын болып келеді. Бұл ұқсастық лантаноидтық сығылумен түсіндіріледі, сол себепті 4f-орбиталь электрондармен толтырылғанда атомдар радиустары монотонды кемігендіктен іс жүзінде цирконий және гафнийдің, ниобий мен танталдың, молибден және вольфрамның, технеций мен ренийдің радиустарының теңесуіне әкеледі. Бұл жұптардың элементтері физикалық, әсіресе химиялық қасиеттері бойынша өте ұқсас; алдыңғы алты элементтер бірдей кен орындарынан кездеседі, өзара бөлінуі қиын; оларды кейде егіз-элементтер деп те атайды..
d-элементтердің атомдары (n – 1)d1–10ns0–2 жалпы электрондық формуламен өрнектеледі. Кейбір ауыр d-элементтердің электрондық формуласы көрсетілгенге сай келмейді. Кестеде барлық d-элементтердің электрондық формулалары мен мүмкін болатын тотығу дәрежелері келтірілген. Электрондар санының артуы кейде d-орбитальдардың толтырылуының монотондығын бұзады. Бұл (n – 1)d- және ns-орбитальдардың энергияларының өзара жақындауына және период соңында электрондар арасындағы әрекеттесудің күшеюіне байланысты.