А) ортақ электрон жұбы арқылы түзілетін байланыс
Б) металл иондары мен бос электрондар арасында түзілетін байланыс
В) катиондар мен аниондардың электростатикалық тартылуы есебінен түзілген байланыс
Г) бұл бір молекуладағы оң полюстенген сутек атомы мен екінші молекуладағы теріс полюстенген фтор, оттек және азот атомы арасында түзілетін байланыс
2. Гидролиз дегеніміз-....
А) теріс таңбамен алынған сутек иондарының молярлық концентрациясының ондық логарифмі
Б) сутек және гидроксид иондарының концентрациялары бірдей ерітінділері
В) ерітілген тұз бен су молекулаларының арасында аз диссоциацияланатын өнімдер түзіп, ортаның рН мәнін өзгерте жүретін алмасу реакциялары
Г) тұрақты токтың әсерінен электролиттердің сулы ерітінділерінде немесе балқымаларында жүретін тотығу-тотықсыздану процесі
3. Мына қатарда металдық қасиеті қалай өзгереді? Na→Mg→Al→P→Cl
А) күшейеді
Б) әлсірейді
В) периодты күшейеді
Г) периодты әлсірейді
4. Металдық кристалл торын түзбейтін зат
А) мыс
Б) көміртек
В) күміс
Г) мырыш
5. Тұз қышқылымен әрекеттеспейтін металл
А) Hg
Б) Al
В) Zn
Г) Fe
6. Металлургиялық негізгі мақсаты
А) негіздер алу
Б) тұздар алу
В) қышқылдар алу
Г) таза металдар алу
7. Сілтілік металдар қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді? А) оң
Б) теріс
В) екі жақты
Г) нольдік
8. Сұйылтылған күкірт қышқылында 140 г темір ерігенде неше грамм темір сульфатын алуға болады? H2SO4+Fe=FeSO4+H2 А) 380 г
Б) 385 г
В) 390 г
Г) 395 г
9. 320 т темір (ІІІ) оксидін толық тотықсыздандыру үшін неше тонна көміртегі (ІІ) оксидін әрекеттестіру керек? Fe2O3+3CO=2Fe+3CO2 А) 166 т
Б) 167 т
В) 168 т
Г) 169 т
10. Сілтілік металдарды табыңыздар? А) Na, Zn, K, Ca
Б) Cu, Mg, Al, K
В) K, Na, Li, Rb, Cs
Г) Mg, Ca, Sr, Ba
11.Бертоле тұзының формуласы қандай?
А) KClO3 Б) KNO3 В) KMnO4 Г) K2CO3 12. Жемірілудің қандай түрлері бар?
А) физикалық және химиялық
Б) физикалық және электрофизикалық
В) химиялық және электрохимиялық
Г) электрофизикалық және электрохимиялық
13. Металдық бұйымдардың жемірілуін баяулату үшін электролитке не қосады?
А) катализаторлар
Б) құймалар
В) ингибиторлар
Г) металдар
14. Реакция температурасын 200С-тан 500С-қа көтергенде оның жылдамдығы 27 есе артты. Реакцияның температуралық коэффициентін анықтаңыз.
А) 3
Б) 2
В) 4
Г) 1
15. СО+2Н2=СН3ОН реакциясында сутектің концентрациясын 5 есе арттырсақ, реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
А) 5 есе артады
Б) 25 есе артады
В) 25 есе кемиді
Г) өзгермейді
16. Na2O қосылысында натрий қандай тотығу дәрежесін көрсетеді? А) +3
Б) +2
В) +1
Г) 0
17.Уақытша кермектікті тудыратын иондар
А) Ca(HCO3)2, Mg(HCO3)2 Б) CaSO4, MgSO4 В) CaCl2, MgCl2 Г) Ca3(PO4)2, Mg3(PO4)2 18. Газ күйіндегі аммиакты NН3 катализатор қатысында оттегімен тотықтырғанда азот (ІІ) оксиді және су түзіледі. 26,88 л аммиакпен реакцияға түскен оттегінің көлемі (л) қанша? 4NH3 + 5O2→ 4NO + 6H2O
А) 10,6 л
В) 15,6 л
С) 20,6 л
D) 33,6 л
19. Массасы 468 г натрий хлориді ерітіндісін электролиздеген кезде, анодта бөлінген газдың көлемін анықтаңыз?
А) 11,2 л
Б) 22,4 л
В) 67,2 л
Г) 89,6 л
20. Хром қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
А) +2, +3, +6
Б) +2, +3
В) +3, +6
Г) -3, +6, -2