3.10с уақыт ішінде А затының концентрациясы 3,10 моль/л-ден 3,05 моль/л-ге өзгерді. А заты бойынша реакция жылдамдығының орташа мәнін тап:
А) 0,003 моль/л*с Б) 0,005 моль/л*с
С) 0,30 моль/л*с Д) 8,33*10-5 моль/л*с
4.Температура әр 100С-қа көтергенде реакция жылдамдығы 3 есе өсетін болса, температура 100 0С –тан 2000С-қа жоғарылағанда реакция жылдамдығы неше есе артады?
А) 9 Б) 27 С) 81 Д) 243
Катализатор
1.Химиялық реакцияны тезететін, бірақ реакция нәтижесінде жұмсалмай қалатын заттар өршіткілер(катализаторлар) деп аталады.
2.Химиялық реакцияның жылдамдығына өршіткілердің әсері катализ деп аталады.
Катализ 2-ге бөлінеді: гомолиттік катализ және гетеролиттік катализ.
Қанттың жануы жоғары экзотермиялық реакция оңай жүруі керек сияқты.
Бұлай болған жоқ - жоғары қызу кезінде қант еріп, қоңыр түске және карамель иісіне ие болады, бірақ жанбайды. Дегенмен қантты жағуға болады. Мұны істеу үшін қантқа темекі күлін себіңіз және оны жалынға апарыңыз - содан кейін қант жанады.
Кейбір басқа заттар, мысалы, литий тұздары немесе хром (III) оксиді де осы реакцияға бірдей әсер етеді.