Химия пәні бойынша лекция конспектілері білім беру бағдарламалары



бет14/28
Дата10.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#72806
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
лекция.15 дәріс.02.02.23

Электролит ерітінділері. С.Аррениустың электролиттік диссоциация теориясы. Күшті және әлсіз электролиттер. Сутектік көрсеткіш. Диссоциациялану дәрежесі..Диссоциациялану константасы.


Диссоциациялану константасы.
Диссоциациякайтымды процесс, яғни белгілі бір уакыт бірлігінде канша молекула диссоциацияланса, соншасы иондардан кайта молекула түзеді. Ерітіндіде тепе-теңдік күйдегі система тепе-теңдік константасымен сипатталады. Диссоциациялану процесінің тепе-теңдік константасы (K) диссоциациялану константасы деп аталады. Мысалы, НА кышқылының диссоциациялану теңдеуі:



Диссоциациялану константасы:


Диссоциациялану константасы ерітіндінің концентрациясына тәуелді емес, бірак еріген заттың табиғатына тәуелді шама.


Диссоциациялану дәрежесі.
Электролиттік диссоциациякайтымды процесс болғандыктан, электролиттердің ерітінділеріне олардың ионымен катар молекулалары да болады. Сондыктан электролиттердің ерітінділері диссоциациялану дәрежесімен сипатталады ( ):

Диссоциациялану дәрежесі – бұл иондарга ыдыраған молекула санының (п) еріген молекуланың жалпы санына (N) катынасы.


Диссоциациялану дәрежесінің мәндерін аныктау үшін мынадай екі шектік жағдайды карастырайык: Бірінші шектік жағдай: зат ерітіндіде мүлдем диссоциацияланбайды. Онда аныктама бойынша диссоциациялану дэрежесі = 0. Екінші шектік жағдай: зат ерітіндіде толық диссоциацияланады. Онда диссоциацияланған молекулалардың саны еріген молекулалардың жалпы санына тең болады, демек, диссоциациялану дәрежесі = 1. Сонымен диссоциациялану дәрежесі 0 мен 1 аралығында өзгеретін шама.
Әдетте диссоциациялану дәрежесін 100-ге көбейтіп, оны процентпен өрнектейді. Процентпен өрнектелген диссоциациялану дәрежесі еріген молекулалардың канша проценті иондалғанын көрсетеді және 0 мен 100 аралығындағы мәндері болады.
Диссоциациялану дәрежесін тәжірибе жүзінде аныктайды.
Диссоциациялану дәрежесінің шамасына карай электролиттер күшті, орташа және әлсіз 30 проценттен артык электролиттер күшті, 30 процент пен 3 процент аралығындагылары орташа, 3 проценттен кемдері әлсіз электролиттерге жатады. Электролиттердің диссоциациялану дәрежесі: 1. Еріген заттың табиғатына; 2. Еріткіштің табиғатына; 3. Ерітіндінің концентрациясына тәуелді шама.
Ерітіндіні сұйытқанда, яғни электролиттердің концентрациясын төмендеткенде диссоциациялану дәрежесі артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет