Ионды – молекулалық теңдеу.
Ертіндіде өтіп жатқан процесстердің негізін түсіндіру үшін ерітіндідегі электролиттер арасындағы алмасу реакцияларын ионды-молекулалық (не иондық) теңдеу түрінде көрсеткен жөн.
Ерітіндідегі электролиттер арасындағы алмасу реакцияларының бағыты (тепе-теңдіктің ығысуы) олардың бір-бірімен нашар еритін, нашар диссоцияланатын немес газ түріндегі қосылыстардың түзілу мүмкіндігімен анықталады.
Иондық теңдеулерді жазғанда төмендегі жағдайларды ескеру қажет:
1. Күшті электролиттердің формулаларын иондар түрінде жазу керек. Күшті электролиттерге барлық тұздардың ертінділері жатады. Жиірек кездесетін төмендегі қышқылдар мен негіздер ертінділері:
2. Әлсіз электролиттердің, газдар мен нашар еритін заттардың формулаларын молекула түрінде жазу керек.
Бұл тараудың есептерін шығарғанда қосымшада тұздардың ергіштігі кестесіне қараңыз.
1 мысал. Төменде келтірілген ионды-молекулалық теңдеулерді молекулалық реакция теңдеулері түрінде жазыңыз:
Шешуі: Молекулалық теңдеулерді жазғанда әлсіз электролиттердің, тұнбалардың және газдардың формулалары иондық теңдеулерде молекулалық түрінде жазылатынын естен шығармау қажет.
2 мысал. Калий хлориді, никель (II) сульфаты, күкірт қышқылы, азотты қышқылы ертінділерінің әрқайсысына – натрий гидроксидінің ертіндісі артық
мөлшерде құйылған. Қайсысында және не себепті реакция жүрді. Реакциялардың молекулалық және ионды-молекулалық теңдеулерін жазыңыз.
Шешуі: Бірінші жағдайда KCl+NaOH реакциясы жүрмейді, себебі тұнба, әлсіз электролит немесе газ түзілмейді.
Екінші жағдайда нашар еритін никель гидроксиді түзіледі:
Сульфат және натрий иондары реакцияға қатыспайды: никель дигидроксидінен басқалары түгел толық диссоцияциға түседі.
Үшінші реакцияда (нейтралдау) нашар диссоциацияланатын су молекулалары түзіледі.
натрий және сульфат иондары реакцияға қатыспайды.
Төртінші реакцияға су түзіледі, бірақ азотты қышқыл әлсіз электролитке жататын болғандықтан кері реакцияның жүруіне себепкер болады, сондықтан бұл төртінші реакцияның алғашқы үш реакциядан айырмашылғы қайтымдылығында.
Су азотты қышқылға қарағанда әлсіздік электролит болғандықтан тепе-теңдік тіке реакция бағытына ығысады: