Химия пәні бойынша лекция конспектілері білім беру бағдарламалары



бет13/28
Дата10.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#72806
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
4 мысал. CO+H2O CO2+ H2 қайтымды реакция үшін тепе-теңдік кезіндегі әрекеттесуші затардың концентрацияларды: CCO=0,16 моль/л; моль/л. Осы реакцияның тепе-теңдік константасын анықтаңыз.
Шешуі:
Тура бағыттағы реакция жылдамдығы:

Кері реакция жылдамдығы:
.

Тепе-теңдік шарты бойынша: .
Орнына қойғанда:


;

8 дәріс


Су. Ерітінділер. Ерігіштік. Қаныққан және қанықпаған ерітінділер. Гидраттар мен кристаллогидраттар. Судың электролиттік диссоциациясы

Суда ерігенде электролиттердің иондарға ыдырауын электролиттік диссоциация деп атайды.


1887 жылы швед ғалымы Сванте Аррениус электролиттердің қасиеттерін түсіндіру үшін өзінің электролиттік диссоциация теориясын ұсынды. Бұл теория мынадай негізгі қағидалардан тұрады:

  1. Электролиттер суда ерігенде оң және теріс иондарға ыдырайды (диссоциацияланады).

  2. Электр тогының әсерінен иондар бағытталған қозғалысқа ие болады: оң зарядталған иондар катодқа, теріс зарядталган иондар анодқа қарай қозғалады. Біріншілерін катиондар, екіншілерін аниондар деп атайды.

  3. Диссоциация кайтымды процесс. Молекулалардың иондарға ыдырауымен (диссоциациялануымен) қатар иондардың қосылу процесі (ассоциациялану) жүреді. Сондықтан диссоциация теңдеуін жазғанда теңдік белгісінің орнына қарама-қарсы бағытталған стрелкалар қояды. Мысалы, КА электролит молекуласының К+ катионы мен А анионына диссоциациялану теңдеуі бойынша жазылады:


Қышқылдардың, негіздердың және түздардың сулы ерітінділерде диссоциациялануы.
Электролиттік диссоциация теориясы арқылы қышқылдарға, негіздерге және тұздарға анықтама беріп, олардың қасиеттерін сипаттайды.
Диссоциация кезінде катион ретінде тек қана сутегі катионы түзетін электролиттерді қышқылдар деп атайды.
Қышқылдың негізділігі диссоциация кезінде түзілетін сутегі
катиондарының санымен анықталады. Мәселен, НСl, НNО3 – бір негізді қышқылдар, Н2SO4, Н2СО3 – екі негізді, Н3РO4, Н3АsO4 – үш негізді.
Бір негізді қышқылдар – бір сутегі катионын түзеді:






Көп негізді қышқылдар сатылама диссоциацияланады:


(бірінші саты);
(екінші саты) ;
(бірінші саты);
(екінші саты);
(үшішш саты).

Диссоциация кезінде анион ретінде тек қана гидроксид ионын түзетін электролиттерді негіздер деп атайды.


Негіздердің қышқылдылығы олардың гидроксил топтың санымен анықталады.
Бір қышқылды негіздер – бір гидроксил топ анион түзеді:


NaОН ↔ Nа+ + ОН
КОН ↔ К+ + ОН .

Екі және көп қышқылды негіздер сатыланып диссоңиацияланады:




Са(ОН)2 ↔ Са(ОН)+ + ОН (бірінші саты);
СаОН+ ↔ Са2+ + ОН (екіншісаты).

Кейбір электролиттер диссоциацияланғанда сутегі катионы мен гидроксид ионын түзе алады. Бұл электролиттерді амфотерлі деп атайды. Оларға мырыш, хром және тағы басқа заттардың гидроксидтері жатады. Мысалы:




Zn2+ + 2OH ↔ Zn(ОН)2 2H+ + ZnO .
Диссоциация кезінде металл катионы мен қышқыл қалдықтарының аниондары түзетін электролиттерді тұздар деп атайды:


СаСl2 ↔ Са2+ + 2Сl
Аl2(SO4)3 2Аl3+ + 3SO
(NH4)2SO4 2NH + SO .

Қышқылдық және негіздік тұздар сатыланып диссоциацияланады. Қышқылдық тұздарда алғашында металл иондары, ал одан кейін сутегі ионы бөлінеді. Мәселен,




КНSO4 ↔ К+ + НSO
НSO ↔ H+ +SO .
Негіздік түздарда алғашында қышқыл қалдығы, ал одан кейін гидроксид ионы бөлінеді. Мәселен,


Мg(ОН)Сl ↔ Мg(ОН) ++ Сl
Мg(ОН)+ ↔ Мg2 + ОН .
9 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет