Химия пәні бойынша лекция конспектілері білім беру бағдарламалары


Органикалық қосылыстардың жіктелуі



бет25/28
Дата10.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#72806
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
лекция.15 дәріс.02.02.23

Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Органикалық қосылыстар молекуласын құрайтын көміртек атомдары бір-бірімен байланысуына қарай олар ациклды және циклды қосылыстар болып екі топқа бөлінеді. Ациклды қосылыстарды ашық тізбекті немесе алифатты қосылыстар деп те атайды. Олар қаныққан және қанықпаған қосылыстар топшаларына бөлінеді. Циклды қосылыстар – карбоциклды және гетероциклды қосылыстарға жіктелінеді. Карбоциклды қосылыстардың циклдары көміртек атомдарынан, ал гетероциклды қосылыстардың циклдары көміртек атомдарымен қатар басқа да атомдарынан құралады.
Сонымен органикалық қосылыстар ациклды, карбоциклды және гетероциклды қосылыстар болып үш топқа жіктелінеді. Әр топтағы қосылыстар құрылысы және молекула құрамындағы функционалды топтарына байланысты келесі кластарға бөлінеді:
1. Көмірсутектер 6. Карбон қышқылдары
2. Галоген туындылар 7. Аминдер
3. Спирттер 8. Нитроқосылыстар
4. Эфирлер 9. Сахаридтер
5. Альдегидтер мен кетондар
Органикалық химияны оқыту әдетте ең қарапайым ациклды қаныққан көмірсутектерден бастаған жөн.
13 дәріс
Қаныққан көмірсутектер оның туындылары. Номенклатурасы. Изомериясы. Алынуы. Физикалық және химиялық қасиеттері


1. Қаныққан көмірсутектер оның туындылары.
2. Номенклатурасы.Изомериясы.
3. Алынуы. Физикалық және химиялық қасиеттері.


ҚАНЫҚҚАН КӨМІРСУТЕКТЕР (ПАРАФИНДЕР, АЛКАНДАР)
НОМЕНКЛАТУРАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Көмірсутектердің молекула құрамындағы көмірсутек атомдары бір-бірімен бір байланыспен байланысқан көмірсутектерді қаныққан көмірсутектер деп атайды. Бұл қосылыстардың барлық көміртек атомдары SP3- гибридті күйінде болады.


Алкандардың жалпы формуласы CnH2n+2. Көмірсутектер бір-бірінен бір немесе бірнеше «CH2» тобына айырмашылығы бар қосылыстарды гомолог деп атайды. Осындай гомологтардан гомологтық қатар құрылады. Мысалы:


* Теориалық және қолданбалы химия халықаралық одағының (ТҚХХО) ағылшын тілінде аталуының бас әріптерінен құралған атама (International Union of Pure and Applied Chimistry – IUPAC).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет