Металдар тұздармен әрекеттеседі. Белсендірек металдар (химиялық белсенді металл) белсенділігі темен металды оның қосылыстарынан ығыстырып шығарады.
Cu + Hg (NO3)2 = Cu (NO3)2+Hg
Zn + CuSO4 = ZnSO4 + Cu
2Mg + TiCl4 = 2MgCl2 + Ti
Металдар оксидтермен әрекеттеседі: 2Al + Fe2O3 = Al2O3 + 2Fe
Mg + CO2=MgO + CO
Металдар органикалық қосылыстармен де әрекеттеседі: Na + C2H5OH = C2H5ONa + 0,5H2 2Na + CH3Cl = C2H6 + 2NaCl
Құрамында металл қосылыстары бар минералдар мен тау жыныстарынан металды өнеркөсіптік жолмен беліп алу экономикалық тиімді болса, олар кен деп аталады.
Металдар табиғи кендерден алынады. Кендегі металды бос жынысынан айыру арқылы байыту жүргізіледі — олардың бірі флотацияәдісі. Алу әдістері металдардың химиялық белсенділіктеріне негізделген.
Қазақстандагы металл кендері және металл өндірісі аймақтарда төмендегідей болып шоғырланған.
№11 дәріс
Кешенді қосылыстар. Кешенді қосылыстардың тұрақтылығы. Тұрақтылық және тұрақсыздық константасы. Кешендерді жіктеу
Кешенді қосылыстар деп кристал торының буындарында, ертітіндісінде және кристал күйінде өзінше бола алатын, күрделі кешенді иондары бар қосылыстарды айтады.
А.Вернердің кешенді қосылыстардың құрылысы теориясы бойынша көпшілік кешенді қосылыстар ішкі (кешенді ион) және сыртқы сфералардан тұрады. Мысалы, К3 [АI(OH)6] қосылысында [АI(OH)6]3-ішкі сферада, ал калийдің үш ионы сыртқы сфера. Ішкі сфера кешен түзгіш ионнан және лигандтан тұрады.
Кешен түзуші ретінде метал иондары:
Көбіне d – элементтердің иондары кешен түзгіш болады. Лигандар ретінде OH , CN , Cl , Br , J , NO , NO және т.б., сонымен қатар бейтарап молекулалар болады. Кешен түзгіштің айналасында топталған лигандтар саны координациялық сан деп аталады. Мысалы,
К3 [АI(OH)6] қосылысында координациялық сан 6-ға тең.
Кешенді ионның заряды сыртқы сфераның қарама-қарсы таңбамен алынған зарядына тең. Егер сыртқы сфераның заряды көрсетілмеген болса, онда кешенді ионның заряды ішкі сфераның құрамына кіретін иондардың алгебралық қосындысы ретінде есептеледі. Мысалы, кешенді ионының заряды 3+0+0-1=+2.
Кешенді қосылыстар кешенді ионның зарядына байланысты да, лигандтар сипатына байланысты да топтарға бөлінеді. Ішкі сфераның зарядына байланысты
кешенді қосылыстар катионды, анионды және бейтарап болады. Анионды кешенді қосылыстардың ішкі сфераның заряды теріс болады. Мысалы, .
Лигандтардың сипатына байланысты кешенді қосылыстар:
а) лигандтары қышқыл аниондары болып келетін, ацидо-кешендер, мысалы ;
б) лигандтар гидроксил тобы болатын, гидроксо-кешендер, мысалы; ;
в) лигандтары аммиак болатын, аммиактар (амино-кешендер), мысалы; ;
г) лигандтары су болатын, аква кешендер, мысалы;
д) лигандтары әр түрлі молекулалалр және иондар болатын, бірегей емес кешендер, мысалы,