Осы дәріс материалымен танысқан соң, мына мағлұматтарды :
Комплекс түзгіштер, лигандалар, координациялық сандар, ішкі, сыртқы сфералар, тұрақсыздық константасы ұғымдарын білу керек. Комплексті қосылыстардың жіктелуін, аталуын білу және олардың қолданылу облысын білу қажет.
Өзін- өзі тексеру сұрақтары:
1.Комплекс түзуші заттың тотығу дәрежесі мен координациялық санын көрсетіңдер. Комплекс қосылыстарды атаңдар: K[AuBr4], K2[Cd(CN)4], [Pt(NH3)2Cl2], K[Cr(SO4)2], Na3[Ag(S2O3)2]. Комплекс қосылыстың диссоциацияларын жазыңдар.
2.Комплекс қосылыстар жазып, оларды атаңдар: PtCl4∙6NH3, PtCl4∙5NH3, PtCl4∙∙4NH3, Co(NO3)3∙6NH3, Co(NO2)3∙KNO2∙2NH3.
3.Қай негіз күштірек: [Cu(NH3)4](OH)2 не Cu(OH)2 ме?
4.Қай комплекс ион тұрақтырақ: [Zn(NH3)4]2+ не [Cd(NH3)4]2+? [Co(NH3)4]2+не [Co(NH3)4]3+?
№ 12 Дәріс сабағы
1. Органикалық химия негіздері.
2.Органикалық қосылыстардың жіктелуі.
Органикалық қосылыстарды, олардың туындыларын және осы қосылыстардың бір-бірімен әрекеттесуін және олардан басқа да химиялық өзгерістердің жүру заңдылықтарын қарастыратын пәнді органикалық химия пәні деп атайды. Молекула құрамында көміртек атомы бар барлық химиялық қосылыстар органикалық қосылыстар болып табылады. Бұлардың қатарына көміртек оксиді мен диоксиді, көмір қышқылы, оның тұздары жатпайды.
Көне заманнан бастап адамдар әртүрлі табиғи заттарды қолданып өздеріне қажетті заттарды ала білген (шарап, сыра, сірке суы, әртүрлі бояғыштар, қант т.б.). Кейінірек бұл заттардан өзгертіп басқа заттарды алуды үйренген. Қайнату әдісін қолданып ІХ ғасырда сірке суын, ХІ-ғасырда – этил спиртін, XVI ғасырда – этил эфирін алған. Органикалық қосылыстардың сол кездегі белгілі мәліметтерінің жеткіліксіздік болғандықтан органикалық химияның ғылыми пән ретінде қалыптасуына көп уақыт керек болған. Тек қана ХІХ ғасырдың ортасына қарай табиғи заттардан бөліп алынған және синтезделген органикалық қосылыстардың саны көбейіп, оларды синтездеу процестерінің заңдылықтары ашылғаннан кейін органикалық химияның бірінші теориясы – радикалдар теориясы деп аталатын теория ұсынылды. Осы мезгілден бастап, ХІХ ғасырдың ортасынан, органикалық химия жеке ғылыми пәні ретінде қалыптасты.
Радикалдар теориясының авторлары Дюма, Либих, Берцелиус. Бұл теория бойынша радикалдар органикалық қосылыстарда атом ролін атқарады және олар химиялық процестерде өзгермейді деп есептеген. Кейінірек бұл теорияның қағидасы қате екені анықталды.
Типтер теориясы деп аталатын екінші теория ұсынылды. Теорияның авторлары: Жерар, Кольбе, Либих. Бұл теория бойынша органикалық қосылыстар бүтін заттар. Химиялық реакциялар кезінде олар қалдықтарға ыдырайды және бұл қалдықтар бастапқы молекулада болмайды және жеке күйінде тұрақсыз.
Өздеріне тән реакцияларға қарай типтер теориясы бойынша органикалық қосылыстар келесі типтерге жатады:
Аммиак типі: NH3, C2H5NH2, (C2H5)2NH
Су типі: H2O, C2H5OH, CH5-COOH
Хлорлы сутек типі: HCl, C2H5Cl
Метан типі: CH4, CH3Cl
Мұндай жіктелу бойынша бір органикалық қосылысты әртүрлі типтерге жатқызуға болады. Бұл теория бойынша органикалық қосылыстардың жіктелуі қате.
Органикалық химияның әрі қарай даму үшін прогрессивтік жаңа теория қажет болды. Жаңа, үшінші теорияны құрастыруына А.М.Бутлеров, Купер, Кекуле елеулі үлес қосты. 1861 жылы А.М.Бутлеров немістердің жаратылыстану ізденушілерінің съезінде қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының негіздері жайлы баяндама жасаған.
Достарыңызбен бөлісу: |