«химия» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы



Дата21.06.2022
өлшемі19,33 Kb.
#37145
Байланысты:
«химия» п ні бойынша магистратура а т суге арнал ан кешенді тест


«ХИМИЯ»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М111 Тамақ өнімдерін өңдіру




Шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тестіге «Химия» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.





Тақырыптың мазмұны



Тапсыр
малар саны

Қиындық деңгейі

1

Атом құрылысы. Элементтердің периодтық жүйесі.


А-1
С-1

2

2

Химиялық байланыс. Молекулалардың құрылысы.



В-1
С-1

2

3

Химиялық үрдістердің жалпы заңдылылықтары: химиялық термодинамика, химиялық кинетика және тепе-теңдік

А-1
В-1



2

4

Ерітінділердегі химиялық үрдістер: ерітінділердің жалпы қасиеттері, электролит ерітінділері, тұздар гидролизі.

В-1
С-1

2

5

Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
Электрохимиялық үрдістер.

В-1
С-1

2

6

Бейорганикалық қосылыстар.
Комплексті қосылыстар.

А-1
В-1

2

7

Көмірсутектер: алкандар, алкендер, алкиндер; алкадиендер, арендер.

В-1
С-1

2

8

Оттек құрамды органикалық қосылыстар: гидроксиқосылыстар, оксоқосылыстар; карбон қышқылдары және олардың туындылары.

А-1
С-1



2

9

Азот құрамды органикалық қосылыстар: нитроқосы-лыстар, аминдер; азо- және диазоқосылыстар, аминоқышқылдар.

А-1
В-1

2

10

Биоорганикалық қосылыстар: липидтер,көмірсулар, ақуыздар.

А-1
В-1

2

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны

20



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: Тест тапсырмалары студенттердің химияның теориялық негіздері бойынша білімдерін анықтауға мүмкіндік береді.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

  • жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

  • орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

  • қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Түсуші тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда түсуші 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін түсушіге 0 балл беріледі. Түсуші дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия: Оқулық. - Алматы: ҚазМҰУ, 2011.
2. Құлажанов Қ.С., Сүлейменова М.Ш., Хамзина Ж.Б. Бейорганикалық химияның негіздері: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2015.
3. Ибрашева Р.К. Органикалық химия: Оқу құралы. - Алматы: АТУ, 2014.
4. Бейсебеков М. Қ., Әбілов Ж.Ә. Органикалық химия: Оқулық. - Алматы: Қазақ ун-ті, 2012.
5. Бруис П.Ю. Органикалық химия негіздері. Оқулық. - Алматы: Экономика, 2014.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет