Imax = Id =605nC0D1/2m2/3τ1/6. D-диффузиялық коэффициент, m – капиллярдан 1 секундта ағатын сынап массасы,г; τ тамшы периоды; С0 – анықталатын заттың концентрациясы; m2/3τ1/6 - капилляр сипаттамасы; m, τ – капилляр диаметріне байланысты: Id = kC0 .
Катодта жүретін процесс: Men+ + ne Me (сынапта еру, амальгама). Анодта: Hg – 2e = Hg2+ түзілген сынап ионы ерітіндідегі CI--мен Hg2CI2 түзеді. Егер ерітіндіде бірнеше элемент катиондары болса, полярограммада сонша толқын болуы мүмкін, егер Е1/2 мәндерінде айырмашылық болса. Сандық анализде анықталатын затты табу үшін:
1. градуирлік график әдісі;
2. стандарттар әдісі;
3. концентрациясы белгілі катион ерітіндісін қосу әдісі қолданылады:
1. Градуирлік график әдісінде концентрациясы белгілі 4-5 ерітінділер дайындап, полярограммаларын түсіреді де һ = f (C) графигік құрады, анықталатын зат ерітіндісінің полярогаммасынан һ тауып, графиктен С, яғни концентрациясын табады.
2. Стандарттар әдісіндеградуирлік график құрмай, тек стандартты ерітінді мен анализденетін ерітінді үшін полярограмманың һ салыстырады:
Сх = Сстһх/һст.
3. Полярограмма түсіріп алған соң, анықталатын ерітіндінің белгілі мөлшерін қосып тағы да полярограмма түсіреді. Анықталатын зат концентрациясын Сх деп, оның биіктігін һ1 деп, стандартты ерітіндіден қосылған концентрацияны Сқос. деп (Сх+Сқос.), оның биіктігін һ2 деп
Сх = Сқос.һ1/ һ2-һ1 анықтайды.
Полярография әдісінің жетістіктері:
1. әдіс сезімтал – 10-5 – 10-6М концентрация анықталады;
2. дәлдігі жоғары (3% салыстырмалы қате);
3. егер Е1/2 мәндерінде үлкен айырмашылық болса, онда бір ерітіндіден бір уақытта бірнеше катион анықталады.
Амперометриялық титрлеуде Id = f(C) графигін құру арқылы анықталатын заттың концентрациясын табады. Индикатор электродына Id мәніне сәйкес потенциалды не Е1/2 потенциал мәнін қояды. Электролизердегі тотығатын не тотықсызданатын (электроактивті) анықталатын затқа онымен әрекеттесіп, концентрациясын азайтатын титрант қосады да, тоқтың өзгерісін жазады, сонда амперометриялық титрлеу қисығы пайда болады. Екі
қисықтың қилысқан жері э.н. сәйкес келеді. Амперометриялық титрлеу әдісінде электроактивті тек анықталатын зат қана болуы қажет емес, сол сияқты титрант та, реакция нәтижесінде түзілген зат та электроактивті болулары мүмкін, сондықтан титрлеу қисықтары әртүрлі болады. Бұл әдісте индикаторлық электрод ретінде айнымалы платинадан, графиттен жасалған электродтар қолданылады. Амперометриялық титрлеуде реакцияның барлық түрлері (комплекс түзу, тұнбаға түсіру, тотығу-тотықсыздану) қолданылады. Жұмысты бастамас бұрын реостат арқылы Id мәніне сәйкес потенциалды не Е1/2 мәнін вольтметрге қояды. Титрлеуде эквивалентті нүктеден соң тағы 2-3 нүкте алса жеткілікті. Мысалы, амперометриялық титрлеу арқылы мысты(II) анықтағанда Е1/2 = 0,53В потенциалда, сол кезде Cu2+ + e → Cu+ реакциясы жүреді.Ерітіндіде еріп жүрген оттегі О2 + 4е → 2О2- процесіне түспес үшін
2н 25мл H2SO4 (фон) құяды. Мына реакция әсерінен мыс(II) мөлшеріне сәйкес келетін йод бөлінеді: 2Cu2+ + 4KI = Cu2I2 + I2 + 4K+ ; Cu2+ +e → Cu+ болғандықтан mэкв. = А(Сu)/1, яғни 63,5г/моль. Бөлінген йодты натрий тиосульфатымен титрлеу арқылы мыс массасы анықталады.