Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет118/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   271
Түсті индикаторлар әдісі.

Зерттелетін затпен белгілі бір түс беретін индикаторды қолдану. Зат толық әрекеттесіп біткен кезде түс жойылып кетеді немесе басқа түске ауысады. Бұл эквивалентті нүктені көрсетеді.

    1. Потенциометриялық әдіс.

Ерітіндіге әрекеттесуші заттардың біреуінің концентрациясының өзгеруіне сезімтал индикаторлы электрод батырып, оны жеке тізбекке қосады, эквивалентті нүктеде потенциал секірісі пайда болады.

    1. Амперометриялық әдіс.

Ерітіндіге тамшылы сынап капиллярды немесе қатты электрод батырады да полярографиялық токты өлшейді. Ток күші заттың ерітіндідегі концентрациясына пропорционал. Электролиз соңында зат түгелдей электролизденіп біткен соң ток күші нольге дейін азаяды. Эквивалентті нүктеге жеткен кезде секундомерді тоқтатады.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Фарадей заңдарының оқылуы.
2. Ток бойынша шығым деген не, оның шамасы қандай болуы керек?
3. Тұрақты ток күшіндегі тура кулонометрияның негізі неде? Бұл әдіс қандай жағдайларда қолданылады?
4. Неліктен тура кулонометрияны көбінесе жұмысшы электродтың тұрақты потенциалында жүргізеді?
5. Кулонометриялық титрлеудің артықшылықтары.


БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (БӨЖ) ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ОРЫНДАЙТЫН БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (БОӨЖ) АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

ПОТЕНЦИОМЕТРИЯ


  1. Стандартты сутектік электрод деп қандай электродтарды айтады және оның құрылысы?

  2. Қандай электродтарды индикаторлық және салыстырмалы электродтар деп атайды? Хлоркүміс, каломельді, қаныққан электродтар туралы айту керек.

  3. Стандартты тотығу-тотықсыздану (редокс) потенциал деп қандай мәнді айтады?

  4. Потенциометриялық әдістің негізінде қандай принцип жатады?

  5. Анализде потенциометрияның қандай түрлері қолданылады және олар неге негізделген?

  6. Қышқыл-негіздік титрлеуде, редоксиметрияда, комплексонометрияда және тұндыру титриметрия әдісінде қандай индикаторлы электродтар қолданылады?

  7. 100мл 0,01н НСI ерітіндісін не 0,01н NaOH ерітіндісін титрлеген кездегі интегралды және дифференциалды қисықтарды тұрғызыңдар.

  8. Егер АgCI қанық ерітіндісіне батырылған күміс электродының 180С температурадағы шын потенциалы стандартты сутекті электродқа қатысты алғанда 0,518В болса, онда ЕКАgCI қанша болады? Жауабы: 1,69 .10-10

Е0Аg+/Ag =+0,80В.

  1. Стандартты сутекті электродқа қатысты алынған мыс электродының шын потенциалын есептеу керек. Мыс электроды 300С температурада 0,02н мыс тұзы ерітіндісіне батырылған Е0Сu2+/Cu =+0,345В. Жауабы: +0,294В.

  2. 300С температурада стандартты сутекті электродқа қатысты алынған алюминий электродының потенциалын есептеу керек. Алюминий электроды 500мл құрамында 13,35г АICI3 тұзы бар ерітіндіге батырылған. Жауабы: +1,656В.

  3. 100 мл 0,1н ҒеSO4 ерітіндісін 0,1н К2Сг2О7 ерітіндісімен титрлегендегі титрлеу қисығын тұрғызу керек.

  4. 250С температурада стандартты сутекті электродқа қатысты кадмий электродының потенциалын есептеу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет