Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет129/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

АЦИДИМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ. ТҰЗ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ НОРМАЛЬДЫ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ МЕН ТИТРІН БУРА (натрийдің тетра бораты Na2B4O710H2O) АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ

Сабақтың мақсаты. Стандартты ерітінді даярлау және жұмыс ерітінділерінің титрін анықтау. Шамамен  0,1н стандартты ерітінді даярлау (H2C2O42H2O, Na2CO3 немесе Na2B4O710H2O) және даярланған ерітіндінің дәл титрін және нормальды концентрациясын есептеу.
ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР:

  1. Қышқыл-негіздік титрлеудің мәні.

  2. Титриметриядағы пайдаланылатын реакцияларға қойылатын талаптар.

  3. Титриметрия әдісінің негізгі ұғымдары: стандартты ерітінді, титрант (жұмыс ерітіндісі), титрлеудің түрлері, аликвоттық бөлшек, индикатор, эквивалентті нүкте және титрлеудің соңғы нүктесі.

  4. Нейтралдау әдісіндегі стандартты ерітінділер даярлайтын бастапқы қосылыстар (олардың формулалары); оларға қойылатын талаптар.

  5. Қышқыл-негіздік тәсілдегі титранттар, оларды даярлайтын тәсілдер.

  6. Алкалиметрия, ацидиметрия.

  7. Әдісте пайдаланылатын индикаторлар, оларды таңдау, түсінің өзгеру интервалы.

  8. Ерітінділердің концентрациясы (Т, нормальды, молярлы концентрациясы, массалық үлесі (%), олардың өз ара байланысы.

  9. Эквиваленттер заңы, титриметриялық анализдердің теориялық негізі. Оның математикалық теңдеуі.

10.Бюретка мен пипетка арқылы жұмыс үшін қолданылатын ерітінділермен оларды шайқау керек. Неге? Титрлеуге қолданылатын колбаны алдын ала оған құйылатын (титрленетін) ерітінділермен шайқауға бола ма?
11.Қышқылдардың концентрациясын анықтау үшін натрий тетраборатын стандартты ерітінді ретінде қолдану ыңғайлы. Неге?
12.Тұз қышқылын натрий тетраборатымен титрлегенде жүретін реакция теңдеуін жазыңдар. Натрий тетраборатының эквиваленттік массасы нешеге тең?
13.Индикатор ретінде неге метилоранж қолданылады?
14.Титрлеуге неге индикатордың көп мөлшерін алуға болмайды?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет