Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


АНАЛИТИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ



бет127/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

АНАЛИТИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Анализ жасағанда көптеген реактивтермен (улы, жанғыш, жарылғыш) жұмыс жасайды.


УЛЫ реактивтерге аммиак, бром, күкіртті сутек, сынап ерітінділері, мышьяк, барий хлориді, цианидтер, қымыз қышқылы және оның тұздары жатады.
ЖАНҒЫШ реактивтерге ацетон, бензол, спирттер, эфирлер, хлороформ т.б. органикалық еріткіштер жатады.
ЖАРЫЛҒЫШ заттарға күміс нитратының аммиактағы ерітіндісі, концентрлі хлор қышқылы (органикалық заттармен бірге болса) жатады.
Заттарды еріту үшін концентрлі қышқылдар қолданылады, сондықтан реакция нәтижелерінде улы заттар (НСl, SO2, H2S т.б.) бөлінеді. Анализ жасау кезінде электр құралдары қолданылады.

  1. Химиялық зертханада су ішуге және тамақ ішуге болмайды.

  2. Химиялық заттардың дәмін көруге және ішуге болмайды.

  3. Шыны ыдыстағы заттарды бірден қыздыруға болмайды, біртіндеп, ауыз жағын жұмыс істеп жатқандардан басқа жаққа ұстап қыздыру керек.

  4. Концентрлі қышқылдар мен концентрлі сілтілерді бір- біріне қосуға болмайды, бейтараптау үшін алдын ала оларды сұйылту керек.

  5. Сілтілік металдар гидроксидін сұйылту үшін оларды ақырындап сұйық суға құю керек және араластырып отыру керек.

  6. Концентрлі қышқыл және негіз ерітінділерін сұйылтпай раковинаға құюға болмайды.

  7. Құрғак NaOH және КOH гидроксидтерін, фторидтерді жалаңаш қолмен ұстауға болмайды.

  8. Қайнап жатқан ерітінділерді бір-біріне құюға болмайды және оларға құрғақ реагент салуға болмайды.

  9. Улы сұйық заттарды пипеткамен ауыз арқылы тартуға болмайды.



САНДЫҚ ТАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІН ОРЫНДАУ БАРЫСЫНДА ҚАЖЕТТІ БІЛІМ МЕН ДАҒДЫЛАР
Сандық талдауды(анализ) оқу кезінде студенттер білуге тиісті:

  1. Гравиметриялық және титриметриялық талдау тәсілдерінің теориялық негіздерін.

  2. Қателер теориясының және талдау нәтижесінде алынған мәліметтерді математикалық статистика тәсілдерімен есептеу жолдарының негізін білу.

  3. Аналитикалық химия пәніне арналған оқу және анықтама әдебиетімен өз бетімен жұмыс істей білу.

  4. Өлшеу ыдысын дұрыс пайдалану, жуу; оны калибірлеу, градусқа бөлу.

  5. Гравиметриялық және титриметриялық талдау тәсілдерінің орындау техникасын меңгеру.

  6. Титрант ерітінділерін даярлау және оларды стандарттау.

  7. Сандық талдау (анализ) саласында оқу-зерттеу жұмысын (ОЗ) орындау.

  8. Алынған мәліметтерді математикалық статистика тәсілдермен есептеу.

  9. Сандық анализ бойынша есептер шығару.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет