Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет139/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   271
КАЛЬЦИЙ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ

  1. Химиялық стақанға пипеткамен 5см3 сүт құйындар, цилиндрмен 90-95см3 дистилденген су өлшеп алып құйыңдар, оған 5см3 натрий гидроксидін құйыңдар.

  2. Бюреткадан 3,5см3 комплексон III көлемін құйыңдар, шыны таяқшаның көмегімен ерітіндіні жақсылап араластырыңдар.

  3. 2 минуттан соң 0,04г жуық мурексид индикаторын қосыңдар. Ерітінді түсі сирень түсі сияқты боялады. Кальций ЭДТА-мен рН ≥ 12 магнийге қарағанда тұрақты комплекс түзеді. Мурексид индикаторымен сілтілік ортада комплексон III –пен тек кальций ионы титрленеді, ал магний ионы бұл жағдайда тұнбаға түседі.

  4. Комплексон III-тің артық мөлшерін CaCl2 ерітіндісімен титрлейді. CaCl2 ерітіндісін тамшылатып құйып, жақсылап араластыра отырып, қызарғанға дейін титрлейді. Осы ерітіндіні тағы тамшылатып құйып, комплексон III-пен сирень түске көшкенше қайта титрлейді.

  5. I және II титрлеуге кеткен комплексонның жалпы көлемінен кері титрлеуге кеткен CaCl2 ерітіндісінің көлемін алып тастау керек. Сонда сүт құрамындағы кальцийге кеткен комплексон III көлемі (V1) табылады.

  6. Кальций мөлшерін (Q масс.%) мына формуламен есептейді:

Q = V1  0,0020,97100/V
V1 – кальций ионына кеткен комплексон III,см3
0,002 – 1мл 0,05моль/л комплексон III-ке сәйкес келетін Ca2+ мөлшері.
V – анализге алынған сүт көлемі, см3
0,97 – сүт көлемін оның массасына айналдыруға арналған коэффициент.
Титрлеуді үш рет жүргізіндер.


МАГНИЙ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ



  1. Химиялық стаканға 5см3 сүт құйыңдар. 90-95см3 дистилденген су, 5см3 буфер ерітіндісін құйыңдар.

  2. 0,04г-дай құрғак эриохром қара Т индикаторын салыңдар да бюреткадан 5,0см3 комплексон III ерітіндісін құйыңдар. (Ерітінді түсі жасыл-көк болады).

  3. 2 минут өткен соң ерітінді түсі өзгергенге дейін магний хлориді ерітіндісімен титрлеп, қайтадан алғашқы түрі пайда болғанға дейін, яғни жасыл-көк түске дейін комплексонмен титрлеуді жүргізіңдер.(Ерітінді ортасы рН 9,25 болғанда комплексон III осы екі металмен күшті комплекс қосылыс береді. рН 9,25 ортаны буфер ерітінді арқылы жасайды. Сондықтан осы екі металды бірге анықтайды).

Магний мөлшерін (Q масс.%) мына формуламен табады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет