Тура титрлеу тәсілімен йод (титрант Na2S2O3 ерітіндісі), темір(II) (титрант KMnO4 ерітіндісі) т.б. анықталады.
Кері тирлеу тәсілін баяу жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларында пайдаланады. Бұл жағдайда титрленетін ерітіндіге I-титрант қосып, біраз уақытқа қояды (реакция толық, аяғына дейін жүру үшін). Содан соң әрекеттеспей артық қалған титрантты (I), II-титрантпен титрлейді. Бұл тәсіл көбінесе тотықтырғыштар немесе тотықсыздандырғыштармен баяу әрекеттесетін органикалық қосылыстарды анықтау үшін пайдаланылады, мысалы салицил қышқылын броматометриялық әдіспен анықтау (I-титрант KВrO3, II-титрант-тиосульфат ерітіндісі).
Орынбасушы реагентпен тирлеу (жанама тәсіл) - анықталатын компонент орынбасушы реагенттің эквивалентті мөлшерін бөледі, қосымша реагентті белгілі титрантпен титрлейді. Бұл тәсіл бойынша көбінесе өзі тотығу-тотықсыздану реакциясына қатыспайтын компонентті анықтайды. Мысалы, Са2+ (өзі тотығу-тотықсыздану реакциясына қатыспайды) оны СаС2О4 күйіңде тұнбаға түсіріп, бөліп алып, ерітіп, ерітіндідегі Н2С2О4-ті KMnO4 ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуге жұмсалған KMnO4 ерітіндісінің көлемі арқылы кальцийдің мөлшерін анықтауға болады.
Тотығу-тотықсыздану титрлеу тәсілі әртүрлі факторларға байланысты: температураға (тотығу-тотықсыздану реакциясының жылдамдығы артады), рН-қа (оттекті тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарға қатысты), комплекс және тұнба түзуші реагенттерге. Осы факторларды өзгерте отырып, тотығу-тотықсыздану титрлеуімен анықталатын қосылыстардың санын арттыруға болады.
ПЕРМАНГАНАТОМЕТРИЯ. КАЛИЙ ПЕРМАНГАНАТЫНЫҢ (КMnO4) НОРМАЛЬДЫ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫ МЕН ТИТРІН АММОНИЙ ОКСАЛАТЫ НЕ ҚЫМЫЗ ҚЫШҚЫЛЫ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ
ЖҰМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР:
Перманганаттың тотығуы ортаға байланысты қалай жүреді (қышқыл, негіз және нейтрал ортада) және оны қалай түсіндіруге болады? КМnO4-тіңбарлық жағдайдағы эквивалентін және эквивалент массасын табындар.
Перманганаттың стандартты ерітіндісін дайындау үшін не себепті дәл массасын өлшеу қажет емес? Неге оның титрін бірнеше күннен кейін анықтайды?
Қымыздық қышқылын (не оксалатын) титрлеген кезде калий перманганатының алғашқы тамшысы неге өте ақырын түсін өзгертеді, ал кейінгі титрлегенде КМnO4 түсі өте тез өзгереді?
Перманганатты қымыздық қышқылымен (не оксалатымен) титрлегенде жүретін реакция тендеуін жазындар. Қымыздық қышқылының эквивалент массасы (Н2С2О42Н2О) не аммоний оксалатының ((NH4)2C2O4 2H2O) эквивалент массасы қанша болатынын есептеңдер.
Қышқыл орта алу үшін неге күкірт қышқылын қолданады.