СаО ----- Са 40/56 = 0,7143; %Са = 0,7143М1/М2 100
56-------- 40
Оқытушуға жұмыстың нәтижесін өткізіңдер.
Минералды заттардың, әсіресе микроэлементтердің организмге маңызы зор. Олар ферменттер, гормондар, витаминдер құрамындағы әр түрлі физиологиялық және биохимиялық процесстерге қатысады. Минералды заттарға Д.И.Менделеевтің периодтық кестесіндегі жүзден аса элементтер жатады. Кальций дене массасында 1-9% мөлшерінде кездеседі. Ол сүйекте шоғырланған және бүкіл организмде шамамен біркелкі таралған. Кальцийге ми мен бездердің нерв клеткалары бай келеді. Қан плазмасындағы кальций ионы қанның ұюына әсер етеді. Кальций иондары сүт қышқылының түзілуіне, сүттің ұюына, бұлшық еттің нерв қызметінің жұмысына қатысады. Адам организміне кальций азық құрамымен, сумен түседі. Кальцийдің организмге жетіспеуі рахит ауруына шалдықтырады. Адамдар күніне 800 мг жуық кальций қабылдау қажет. Кальций көп мөлшерде сүт және сүт тағамдарында болады.
КРИСТАЛЛОГИДРАТ ҚҰРАМЫНДАҒЫ КРИСТАЛИЗАЦИЯЛАНҒАН СУДЫ АНЫҚТАУ
Зерттелетін кристаллогидрат құрамындағы кристаллизациаланған су мөлшері химиялық формулаға сәйкес болуы керек. Кристаллогидраттарды қыздырғанда кристаллизацияланған су бөлініп шығады. Әр кристаллогидраттың кептіру температурасы әртүрлі, мысалы:
H2C2O4 2H2O – 110-1120C;
CuSO4 5Н2О -140-1500;
BaCI2 2H2O - 120-1250C т.c.с.
Барий хлориді құрамындағы кристаллизацияланған суды анықтау сынама массасын кептіргенге дейін және кептіргеннен соң анықтауға негізделген.
Жұмысты орындау. Таза, құрғақ бюксті аналитикалық таразыда өлшейді. Бюкске 1,5г жуық кристаллогидратты салып, қайта өлшейді. Бюкстегі сынаманы кептіргіш шкафқа 2 сағаттай уақытқа 120-1250С қақпақсыз қалдырады да, эксикаторда 20 минуттай суытқан соң, аналитикалық таразыда өлшейді. Сосын қайтадан 1 сағаттай уақыт кептіргіш шкафқа қойып, эксикаторда суытып, аналитикалық таразыда өлшейді. Егер 2 рет өлшенген мәндер арасында 0,0002г айырмашылық ғана болса, кристаллизацияланған су толық ұшты деп есептеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |