V – pH және V – E Екінші рет титрлеу нәтижелері бойынша төмендегі кестені толтырыңыз:
Сілті көлемі, см3
рН
Е
ΔрН
ΔЕ
ΔV
ΔpH/ΔV
ΔE/ΔV
V – ΔpH/ΔV және V- ΔE/ΔV, сызады.
VNaOH, орта мәнін тауып, СNаOH –ты, V1, сілтіСсілті = V1,қышқылСқышқылформуласы бойынша табады.
СНСІ,VНСІ – титрлеуге алынған HCl ерітіндісінің концентрациясы және көлемі. VNаOH– титрлеуге кеткен NаOH ерітіндісінің орта мәні, мл.
Титрлеудің соңғы нүктесін табу үшін титрлеудің дифференциалдық қисығын сызады. Максимумға сәйкес нүкте эквиваленттік нүкте болады.
Анализденетін HCl ерітіндісін 100мл өлшегіш колбаға құйып, дистильденген сумен колба белгісіне дейін сұйылтып, жақсылап араластыру керек. Оның 10мл аликвотын титрлейтін стақанға құйып, электродтар толық бататындай етіп дистильденген су қосып, титрлеуді кемінде үш рет жүргізеді. Әр титрлеу үшін титрлеу қисығын сызып, титранттың орташа көлемін табады.
Зерттелетін ерітіндідегі HCl мөлшерін мына формуламен есептейді:
m,HCl = (CNаOH∙VNаOH∙Vk ∙ 36,5)/100 CNаOH – натрий гидроксиді ерітіндісінің концентрациясы, моль/л;
VNаOH – титрлеуге кеткен натрий гидроксиді ерітіндісінің орта көлемі, мл;
VHCl – зерттелетін қышқылды еріткен көлем (өлшегіш колба көлемі),мл;
36,5- HCl-дың эквиваленттік массасы, г/моль;
Vk–аликвот көлемі,мл.
КӨП НЕГІЗДІ ҚЫШҚЫЛ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ПОТЕНЦИОМЕТРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ
Жұмыстың мақсаты. рН-метрде потенциометриялық титрлеу техникасымен танысу. Фосфор қышқылының концентрациясын анықтау. Эксперимент мәліметтеріне сүйене отырып және рН пен потенциалды анықтау, титрлеу қисықтарын салу.
Жұмыс барысы: Зертханалық рН-метрдің сипаттамасымен және оны пайдалану ережесімен танысу.
Аспапты ток көзіне қосып «включено» тумблеріне басыңыз.
Бюретканы концентрациясы белгілі натрий гидроксидінің ерітіндісімен толтырыңыз.
Буфер ерітінділерімен аспаптың (рН) көрсетулерін өлшеп, рН-тың дұрыс жұмыс істеп тұрғанын алдын ала тексеру керек.
Бюкске концентрациясы белгісіз 20см3 фосфор қышқылының ерітіндісін құйып, оған электродтарды батырады (шыны-индикаторлы және көмекші-хлоркүміс). Электродтарды алдын ала дистильденген сумен шайып фильтр қағазымен кептіріңіз.
Фосфор қышқылының рН және ЭҚК көрсеткішін жазып алыңыз.
Сілті ерітіндісімен титрлеуді жүргізіңіз. Ол үшін 2см3 мөлшерінде сілті ерітіндісінен араластыра отырып құйыңыз. Араластырғаннан кейін рН және ЭҚК көрсеткішін жазып алып отырыңыз.
Титрлеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңыз
№ титрлеу
Құйылған сілті көлемі, см3
І титрлеу
рН
Е, мВ
ІІ титрлеу
рН
Е, мВ
Потенциал секірмесін және рН-ты дәл анықтау үшін екінші рет титрлеу жүргізіңіз. Алдын ала шыны электродты және салыстыру электродын қайтадан дистильденген сумен шайып фильтр қағазымен құрғатыңыз. Дистильденген сумен шайқалған бюкске 20,00см3 концентрациясы белгісіз фосфор қышқылы ерітіндісін құйыңыз. Екінші рет титрлеген кезде белгіленген эквивалентті нүктелерде натрий гидроксиді ерітіндісінен 0,2см3 мөлшеріндей құйып отырыңыз, рН және ЭҚК нәтижесін жазып отырыңыз. Натрий гидроксидін әр құйған сайын араластырып отырыңыз. Екінші рет титрлеудің нәтижелері жоғарыдағы кестедегі ІІ титрлеу бөліміне жазылады.
Екінші рет титрлеу нәтижелері бойынша төмендегі кестені толтырыңыз:
Сілті көлемі, см3
рН
Е
ΔрН
ΔЕ
ΔV
ΔpH/ΔV
ΔE/ΔV
Титрлеуді аяқтаған соң, аспапты өшіріп ток көзінен ажыратыңыз. Электродтарды дистильденген сумен шайып дистильденген суға батырып қойыңыз.
Алынған нәтижелер бойынша титрлеу қисықтарын келесі координаталарда салыңыз: