Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Химиялық қасиеттері. Алу жолдары



бет220/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   271
Химиялық қасиеттері. Алу жолдары

Карбон қышқылдарының қышқылдық қасиеті карбоксил тобына байланысты.


СН3 - СООН  СН3- СОО- + Н+ (1)
Көміртегі атомының электрон бұлттары оттегі атомына қарай ығыстырылған.
Сондықтан көміртегі атомы оң зарядталып, көрші гидроксил тобындағы оттегі атомының электрон бұлттарын өзіне тартады. Сөйтіп, гидроксил тобындағы оттек пен сутектің арасындағы байланыс әлсірейді, бұл сутек ионының бөлінуіне әкеліп соғады, (1) теңдеуде көрсетілгендей. Құмырсқа қышқылы (КD = 104 ) қалған карбон қышқылдарына қарағанда күштірек, қалған қышқылдар үшін КD = 105 .
1. Тұз түзу. Карбон қышқылдары металдармен, сілтілермен, карбонаттармен әрекеттесіп тұздар түзеді:

2R – COOH + Mg → (RCOO)2 Mg + H2


R- COOH + NaOH → RCOONa + H2O
2R – COOH + Na2CO3 → 2RCOONa + CO2 ↑ + H2O
Мысалы: СН3СООН + Мg → (CH3COOH)2Mg + H2
магний ацетаты
2. Күрделі эфир түзу. Карбон қышқылдары спирттермен әрекеттесіп, күрделі эфирлер түзіледі, су тартатын конц. күкірт қышқылы қатысады.





сірке қышқылы

метанол

метилацетат



3. Амидтер түзу:
а) Карбон қышқылының аммоний тұзын қыздырғанда амид, су түзіледі.

б) Карбон қышқылдарының хлорангидридтері аммиакпен әрекеттескенде амидтер түзіледі.


СН3-СОСl + NH3 → CH3 – CОNH2 + HCl


в) карбон қышқылын аммиакпен су тартатын катализатор арқылы өткізгенде қышқыл амидтері түзіледі


СН5-СООН + NH3 → CH3 – CОNH2 + H2О




4. Галогендеу реакциясы. Карбон қышқылдары галогендермен орын басу реакциясына түседі. Орын басу реакциясы карбоксил тобына жақын жердегі сутегі атомы галоген атомына ауысады.

5. Ангидридтер түзу. Карбон қышқылының екі молекуласы қосылып, ангидридтер түзеді, қышқылды дегидратациялап Р2О5 қатысында:

2СН3СООН → (СН3СО)2О + Н2О


6.Тотықсыздандыру реакциясы. Күшті тотықсыздандырғыш (LiAIH4) әсерінен карбон қышқылдары спирттерге дейін тотықсызданады.

Қаныққан бір негізді карбон қышқылдары өсімдіктерде бос күйінде немесе күрделі эфир күйінде кездеседі.


7. Тотығу реакциясы. Монокарбон қышқылдары тотықтырғыштар әсеріне берік, тек құмырсқа қышқылы көмір қышқылын түзіп, тотығады.



Құмырсқа қышқылы құрылысының ерекшелігіне байланысты тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді, альдегидтер тәрізді «күміс айна» реакциясын береді.





Құмырсқа қышқылының тағы бір ерекше қасиеті, оның концентрлі күкірт қышқылымен қыздырғанда айрылуы:







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет