Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет222/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Қаныққан бір-, екі негізді карбон қышқылдарының; қанықпаған бір-, екі- негізді карбон қышқылдарының изомериясы, номенклатурасы.


2. Алу әдістері, қолданылуы.
3. Физикалық және химиялық қасиеттері.
4. Дихлорсірке қышқылы; о-хлорбензил қышқылы; 1,3-пропандикарбон қышқылы (малон қышқылы) формулалары; n - бутанолдан n - бутил қышқылын алу.
5.13,8 грамм этил спиртін күкірт қышқылы қатысында 0,5М калий дихроматы ерітіндісінің неше миллилитрімен тотықтыруға болады?
Жауабы: 400мл.

9 Зертханалық сабақтың тақырыбы


Карбон қышқылдарының қасиетін зерттеу


Жұмыстың мақсаты: карбон қышқылдарының физикалық, химиялық қасиеттерімен танысу.
Реактивтер мен жабдықтар: натрий ацетаты, амид спирті, сірке қышқылы, концентрлі күкірт қышқылы, олеин қышқылы, калий перманганатының 5%-тік ерітіндісі, 10%-тік натрий гидроксидінің ерітіндісі, этил спирті, СаСІ2 ерітіндісі, пробиркалар, штатив, спирт шамы, бөлгіш воронка, су моншасы, газ жүретін түтікшелі тығын, колба, стакан, мұз немесе қар.
1-тәжірибе. Сірке қышқылын оның тұздарынан алу
Жұмыстың барысы: Колбаға 3-4г құрғатылған натрий ацетатан салып, оның үстіне 3-4мл концентрлі күкірт қышқылын құйып, аузын газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындайды. Газ түтігінің екінші ұшын қар салынған стаканға батырылған пробиркаға енгізіледі. Қоспада реакция бірден жүре бастайды. Қоспаны қайнатпай баяу қыздырып, сірке қышқылын газ түтігі арқылы пробиркаға айдайды. Пробиркада таза сірке қышқылының кристалдары пайда болады.
Реакция теңдеуін жазыңыздар.
2- тәжірибе. Қышқылдарды қыздырғандағы түзілетін заттар
Пробиркаға бірнеше қымыз қышқылының кристалдарын салып, қыздырады. Пробирканың жоғарғы жағына ізбес (не барит) суына батырылған қағаз ұстау керек. Не байқадыңдар. Қымыз қышқылының айрылу реакциясының теңдеуін жазу керек, ізбес (барит) суымен қымыз қышқылы айрылғанда түзілген өнім арасындағы реакция теңдеуін жазу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет