Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар



бет218/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1. Мына өзгерісті қалай жүзеге асыруға болады?
RCHO  R - COOH
2. Альдегид тобын қандай реактивтермен анықтауға болады?
3. Альдегидтің Сu2+ ионымен тотығу реакциясын жазу керек.
4. Уротропиннің қолданылуы.


Альдегидтер мен кетондар тақырыбы бойынша
есептер мен жаттығулар


1. Изомерия және номенклатура
1.1. Мына альдегидтердің формуласын жазу керек: а) гексаналь; б) 2-метилгексаналь; в) 2,3-диметилпентаналь; г) 3,3-диметилбутаналь.
1.2. Мына кетондардың формуласын жазу керек: а) 4-гептанон; б) 2,4-диметил-3-пентанон; в) 2-метил-3-гексанон.
1.3. С6Н12О кетондарының формуласын (6 изомер) жазып, аттарын атау қажет.
1.4. Қанықпаған альдегидтер мен кетондар а) С4Н6О; б) С5Н8О формулаларын жазып, халықаралық жүйелік номенклатура бойынша атаңдар. Кротон альдегиді мен метилакрил альдегидін көрсету керек.
1.5. Келесі қанықпаған альдегидтер мен кетондардың формулаларын жазу керек: а) пропеналь; б) 1,5-гексадиен-3-он; в) 2,7-диметил-2,6-октадиеналь. Бұл қосылыстардың тривиальды аттары цитраль; акролеин; винилаллилкетон. Қай атау қай қосылысқа сәйкес келеді?
1.6. Негізгі тізбекте төрт көміртегі атомы болатындай етіп, мына қосылыстан С6Н12О альдегидтердің структуралық формулаларын жазып, аттарын атау керек.


2. Химиялық қасиеттері
2.1. Мына альдегидтердің а) пропиональ; б) 2,2-диметилпентаналь күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен тотығу реакциясының теңдеулерін жазу керек. Бұл реакция альдегидке сапалық реакция болып табылады, қалай аталады.
2.2. Альдегидтер а) май альдегидін; б) 3-метилбутанальін; в) 2-метил-3-пентанонды; г) ацетонды каталитикалық гидрлеу реакция теңдеулерін жазып, қосылыстарды атау керек.
2.3. С4Н8О қосылысының структуралық формуласын жазып, синил қышқылын қосқанда оксинитрил алу, ал тотықсыздандырғанда изобутилспиртін алу реакциялар теңдеулерін жазу керек.
2.4. а) этил спиртін пропион альдегидіне; б) метил спиртін сірке альдегидіне әсер етіп алынған қосылыстарды атау керек.
2.5. С5Н10О қосылысы күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен әрекеттеспейді, ал каталитикалық гидрлегенде диэтилкарбинол түзілсе, құрылысы қандай екенін анықтау керек.
2.6. Егер мына қосылыс С3Н6О гидроксиламинмен әрекеттесіп, оксим түзсе, ал каталитикалық гидрленгенде изопропил спиртіне айналса, құрылысы қандай екенін анықтау керек. Реакциялар теңдеулерін жазу керек.
2.7. Альдегидтердің қайсысына альдольды және кротонды конденсация тән: а) сірке альдегиді; б) диметилсірке альдегиді; в) триметилсірке альдегиді? Егер конденсация жүрмесе, не себепті? Қосылыстарды атау керек.
2.8. Мына өзгерістерді жүргізетін реакциялар теңдеулерін жазу керек:
а) С→СН4→ СН3Сl → CH3OH → CH2O;
б) С → СаС2 → С2Н2 →СН3СНО;
в) С2Н2→С2Н4→ С2Н5ОН → CH3СHО;
г) С3Н6→С3Н8→ С3Н7Вr → C3H7ОН → С3Н7СНО;
д) С3Н6→ С3Н7Сl→ С3Н7ОН → СН3-СО-СН3
2.9. 15г этан, формальдегид және фенол қоспасына күміс (I) оксидінің аммиактағы ерітіндісін қосқанда 21,6г күміс бөлінген. Осындай мөлшердегі қоспаға бром суын қосқанда 33,1г ақ тұнба түзілген. Алғашқы қоспаның сандық құрамын анықтау керек.
2.10. Құрамы СхН4Оу болатын органикалық зат «күміс айна» реакциясын береді, металл натриймен әрекеттеседі, калий перманганатымен тотығады, катализатор қатысында сутегін қосып алады. «Күміс айна» реакциясы нәтижесінде түзілген зат, С4Н4О4 қосылысына оңай айналады. Сонда СхН4Оу затының құрылысы қандай?
2.11. 2л 36%-ті тығыздығы 1,11103 кг/м3 болатын формалин алу үшін қанша литр қ.ж. формальдегид алу қажет?
2.12. 3г метил спиртін тотықтырып алған формальдегидті 150г суда еріткенде, алынған ерітінді концентрациясы нешеге тең?
2.13. Фенолформальдегид шайырын алу үшін 94кг фенол жұмсалған.
Егер фенол, формальдегид және аммиак қатынастары 1: 1:13 болса, қанша 40%-ті формалин және 25%-ті аммиак ерітіндісін алу қажет?
2.14. 300г 40%-ті формалин ерітіндісін алу үшін 216 мл (ρ = 0,79г/мл) метанолды тотықтырған болса, метанолдың қолданылу пайызы қанша?
2.15. Егер шығымы 90% болса, 89,84мл 96%-ті этанолды (ρ = 0,8г/мл) тотықтырғанда ацетальдегидтің неше молі, массасы(грамм) және молекуласы түзіледі?
2.16. 2кг 40%-ті формалин алу үшін метил спиртін тотықтыруға қанша көлем (қ.ж.) оттегі жұмсалады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет