Дәріс 44. НИТРИЛДЕР ЖӘНЕ ИЗОЦИАНИДТЕР
Изомерия, атауы, алу, қасиеттері
Нитрилдердің жалпы формуласы R – С ≡ N , ал изоцианидтердің жалпы формуласы R – N ≡ С
+ -
не R – N ≡ С , азот пен көміртегі семиполярлы байланысқан. Нитрилдерді қышқыл бойынша СН3-СN - сірке қышқылының нитрилі, СН3СН2СN-пропион қышқылының нитрилі деп, не көмірсутектерге нитрил қосып СН3-СN-этан нитрил, СН3СН2СN -пропан нитрил деп атайды.
Изоцианидтерді радикалға изоцианид деген жалғау қосып оқиды:
СН3-N≡С –метилизоцианид; СН3СН2N≡С этилизоцианид.
Алу жолдары
Нитрилдерді және изоцианидтерді алуда құрылыстарына байланысты өзгешеліктері көп.
1. Галогеналкилдермен сілтілік металдар цианидтері әрекеттескенде көбінесе нитрилдер түзілсе, күміс тұздары изоцианидтер береді:
R-Сl + КСN → R – СN + КСl ,
RСl + АgCN → R - NС + АgCl
2. Қышқылдар амидтері дегидратацияланып, нитрилдер береді:
R – СОNН2 → R - СN + Н2О
3. Альдоксимдер (кетоксимдер емес) сірке ангидридімен дегидратациялағанда нитрилдер түзіледі.
қыздыру
RСНNОН + (СН3СО)2О → RСN + СН3СООН
Физикалық және химиялық қасиеттері
Төменгі нитрилдер (С11-ге дейін) эфир иісті сұйық заттар, СН3СN және С2Н5СN суда жақсы ериді. Сәйкесінше изоцианидтер нитрилдерге қарағанда төменірек температурада қайнайды.
Нитрилдер мен изоцианидтердің химиялық қасиеттері бойынша бір-бірінен көп айырмашылықтары бар.
1. Нитрилдер минералды қышқылдар мен сілтілер ерітінділерінде сәйкес органикалық қышқылдар түзіп, сабындалады (гидролиз жүреді).
2. Изоцианидтер тек қышқылдармен гидролизге түсіп, құмырсқа қышқылы мен біріншілік аминдер түзеді.
R-NС + 2Н2О → RNН2 + НСООН
3. Нитрилдер мен изоцианидтерді тотықсыздандыру әсерінен аминдер алынады:
R - СN + 2Н2 → R – СН2 - NН2
R - NС + 2Н2 → R – NН – СН3
Ацетонитрил СН3-СN , Т қайнау = 820C, ацетамидтердің дегидратациясы арқылы алынады, полярлы еріткіш ретінде қолданылады және әр түрлі синтездерде алғашқы зат ретінде қолданылады.
Акрилонитрил СН2=СН-СN – сұйық, Тқайнау= 780С, хош иісті, акрилан (нитрон) синетикалық талшықтарын алу үшін, синтетикалық каучук СКН маркалы алу үшін қолданылады, ол майға және бензинге төзімді.
Акрилонитрил (пропеннитрил) пропиленді аммонилиздеп алады, катализатор қатысында:
СН2= СН-СН3 + NH3 +1,5 О2 СН2= СН-СN + 3 Н2О
Достарыңызбен бөлісу: |