Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Алу жолдары 1. Көмірсутектердегі сутегі атомдары нитротопқа алмасады, нитрлеу реакциясы деп аталады (Коновалов М.И. реакциясы)



бет229/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   271
Алу жолдары


1. Көмірсутектердегі сутегі атомдары нитротопқа алмасады, нитрлеу реакциясы деп аталады (Коновалов М.И. реакциясы).

(НNO3 + H2SO4 – нитрлеуші агент).




2.Зертханада галогеналкандар мен нитриттер арасындағы реакция арқылы алады:

С6Н5СН2Сl + NaNO2 → C6H5CH2NO2 + NaCl


Физикалық және химиялық қасиеттері

Алкандардың нитроқосылыстары сұйық, әдемі иісті, суда аз ериді, улы, сулы ортасы бейтарап реакция көрсетеді. Нитроқосылыстар - полярлы заттар, сондықтан спирттер мен карбонил қосылыстарына қарағанда жоғарырақ температурада қайнайды.


Негізгі химиялық қасиеттері нитротоптың структурасымен байланысты.
1. Нитроқосылыстар тотықсызданғанда біріншілік аминдер түзеді:

R- NO2 + 6H → R - NН2 + 2Н2О




2. Біріншілік және екіншілік нитроқосылыстар сілтілерде еріп тұз түзеді, себебі нитротоп байланысып тұрған көміртегі атомы жанындағы сутегі атомдары нитротоп әсерінен активтеледі, сілтілік ортада нитротоп аци-нитро-түрге айналады (қышқылдық). Сонда нитротоп екі түрде нитро-және аци-нитро-бола алады, яғни таутомерлі заттар.





Нитро-түрі

Аци-нитро-түрі


3. Нитротоп байланысып тұрған көміртегі атомы жанындағы сутегі атомдарының активтелетіндігін басқа реакциялардан да көруге болады. Біріншілік және екіншілік нитроқосылыстар азотты қышқылмен әрекеттеседі, ал үшіншілік-әрекеттеспейді:

нитрол қышқылы

псевдонитрол

Нитрол қышқылдарының сілтілік тұздары ерітіндіде қызыл түсті, псевдонитролдар - көк түске боялады.


4. Біріншілік және екіншілік нитроқосылыстар сілті қатысында альдегидтермен әрекеттесіп, нитроспирттер түзеді.



Нитрометан формальдегидпен әрекеттесіп три (оксиметил) нитрометан О2N-C(CH2OH)3 түзеді, оны тотықсыздандырса, амино-спирт
Н2N-C(CH2OH)3 түзіледі, ол жуғыш заттар мен эмульгаторлар өндірісінде қолданылады.
Нитроспирттердің азотқышқылды эфирлері, мысалы, О2N-C(CH2ONO2)3 қопарылғыш зат ретінде қолданылады.
5. Біріншілік және екіншілік нитроқосылыстардың аци-түрдегі тұздарына минералды қышқылдармен әсер етсе, альдегидтер не кетондар түзіледі.



6. Біріншілік нитроқосылыстар 85%-ті күкірт қышқылымен (қыздырғанда) карбон қышқылына айналады.

R-CH2-NО2 + H2SO4 + Н2О → R – CООH + NН2 - OН + H2SO4


гидроксиламин

Осы әдіс бойынша өндірісте гидроксиламинді алады.




Қолданылуы

Альдегидтерді, қышқылдарды, қопарылғыш заттарды алғанда нитропарафиндер техникада еріткіштер ретінде қолданылады, сонымен бірге еріткіштер ретінде резенке өндірісінде (вулканизаторлар), пластмассалар алуда қоланылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет