Химиялық кинетика – химиялық реакцияның жылдамдығы мен механизмі туралы ілім.
Эквивалент масса – заттың 1 эквивалентінің массасы.
Электрондық аналогтар - элементтердің валенттілік электрондары элементтерге қатысты жалпы формуламен сипатталатындай болып орбиталдарға орналасады.
Электртерістік (ЭТ) – элемент атомының химиялық қосылыста басқа элементтің электрондық тығыздығын өзіне ығыстыра алатын қабілеттілігін көрсететін мән.
Электрон қосылғыштық энергиясы:Бос атомға электрон қосылуы үшін қажет энергия, эВ. Оның мәні оң да, теріс те (теріс мән асыл газдар мен кей элементтерде) болады. Электрон қосылғыштық энергиясы ең көп галогендер мен оттегі.
19. Энтальпия – қысым тұрақты болған жағдайдағы (изобаралық процесс кезіндегі) жылу эффектісі
20. Энтропия – бөлшектің қозғалысын сипаттайтын заттың қасиеті, ретсіздік дәрежесі.
МОДУЛЬ 1. Атом-молекулалық ілім Дәрістер № 1-3 1.1 Химия ғылымы дамуының қысқаша тарихы
1.2 Химияның негізгі түсініктері мен заңдары
1.3 Газдардың негізгі заңдары
1.2 ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ МЕН ЗАҢДАРЫ
Химиялық элемент –ядро зарядтары бірдей болатын атомдар түрі.
Атом - химиялық реакция кезінде бөлінбейтін элементтің ең кішкене бөлшегі, бірақ сол элементтің химиялық қасиеттерін көрсетеді.
Молекула –сол заттың химиялық қасиетін көрсететін заттың ең кішкене бөлшегі.
Жай заттар – құрамына тек бір элементтің атомдары ғана кіретін заттар.
Күрделі заттар – құрамына әртүрлі элементтер атомдары кіретін заттар.
Массаның атомдық бірлігі –1/12 көміртегі -12 атомының массасы (12С),
яғни 1,6666 10-27 кг.
Элементтің салыстырмалы атомдық массасы ( Аr ) – өлшемсіз шама, элементтің табиғи изотоптар құрамының орташа атомдық массасының көміртегі-12 атомының 1/12 массасына қатынасына .
Жай және күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық массасы (Мr ) - өлшемсіз шама, заттың табиғи изотоптары құрамының орташа массасының көміртегі – 12 атомының 1/12 массасына қатынасы.