Мэ (негіз) = Мнегіз /негіздің қышқылдығы Мэ (тұз ) = Мтұз /металл атомдар саны металл валенттілігі мұндағы Мэ және М – эквиваленттің және қосылыстардың мольдік массалары. Қышқылдардың негіздігі қышқыл негізбен әрекеттескенде қышқыл молекуласының беретін протон санымен анықталады.
Негіздердің қышқылдығынегіз қышқылмен әрекеттескенде негіз молекуласының қосып алатын протондар санымен анықталады. Тотықтырғыштың (тотықсыздандырғыштың) эквиваленті - тотықсызданғанда (тотыққанда) 1 моль электрондарды қосып алатын (беретін) мөлшері. Тотықсыздандырғыштың (тотықтырғыштың) эквивалент массасы реакция кезінде қосып берген (алған) электрондар санына олардың молекулалық массасын бөлгенге тең. Мысал 3.8г NaOH күкірт қышқылымен бейтараптанғанда түзілген натрий гидросульфатының массасын анықтау керек. Шешімі: Натрий гидроксидінің эквивалент массасы: Мэ = МNaOH /1 = 40г/моль. Сонда, 8г: 8/40 = 0,2 натрий гидроксидінің эквивалентті массасын құрайды. Олай болса, эквивалент заңына байланысты түзілген тұздың массасы да оның 0,2 эквивалент массасын құрайды, яғни натрий гидросульфидінің массасы 1200,2 = 24г.
Мысал 4.Қалыпты жағдайда қышқылдан 0,7л сутегін эквивалент массасы 28г/моль болатын металл ығыстырған болса, оның массасы қанша болады?
Шешімі: Сутегінің эквивалент көлемі 11,2л болғандықтан пропорция бойынша 28г металл ---------- 11,2л сутегіге эквивалентті
Х,г металл --------- 0,7л сутегімен әрекеттеседі
Х = 0,728/11,2 = 1,75г.
Мысал 5.Күкіртті сутек күкірт қышқылына дейін тотықса, оның эквиваленті және эквивалентінің молярлы массасы қанша болады? Шешуі: H2S + 4 H2O = SO42- + 10H+ + 8e, Э = 1/8 моль, Мэ = 34/8 = 4.26г/моль.
Мысал 6.Вольфрамның меншікті жылу сыйымдылығы 0,1465 Дж/моль∙К
ал оның эквивалент массасы 30,642 г/моль болса, вольфрамның атомдық массасын анықтау керек. Шешуі: Вольфрам атомының жуық шамамен анықталған молярлық массасының мәні 26 : 0,1465 = 177,4744г/моль; осы жуық шаманы вольфрамның эквивалент массасына бөліп, оның валенттілігін анықтайды: 177,4744 : 30,64 ≈ 6. Сонда вольфрамның молярлы массасы
30,642 ∙ 6 = 183,852г/моль.