Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


ӘЛСІЗ ЭЛЕКТРОЛИТТЕРДІҢ ДИССОЦИАЦИЯСЫНА БІРТЕКТЕС ИОНДАРДЫҢ ӘСЕРІ



бет77/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

ӘЛСІЗ ЭЛЕКТРОЛИТТЕРДІҢ ДИССОЦИАЦИЯСЫНА БІРТЕКТЕС ИОНДАРДЫҢ ӘСЕРІ

Әлсіз электролиттер диссоциациясы әрекеттесуші массалар заңына бағынатындықтан, химиялық тепе-теңдікті әрекеттесуші заттардың біреуінің концентрациясын өзгерту арқылы ығыстыруға болады. Мысалы, сірке қышқылының СН3СООН  СН3СОО-+ ерітіндісіне оның тұзын қосса, тепе-теңдік бұзылады, себебі СН3СООNa СН3СОО- +Na + толық диссоциациаланады. Көп мөлшерде СН3СОО- иондары пайда болады. Сонда СН3СОО- иондары мен Н+ иондары иондалмаған СН3СООН молекуласын түзіп, қайта тепе-теңдік орнына келеді. Демек, әлсіз электролиттің ерітіндісіне біртектес ионы бар күшті электролит ерітіндісін құйса, әлсіз электролиттің диссоциациялану дәрежесі төмендейді, яғни әлсіз электролит одан әрі әлсізденеді. Бұл жағдай анализ жасағанда кең көлемде қолданылады.


Күшті электролиттер ерітіндіде толық диссоциаланатындықтан, олар әрекеттесуші массалар заңына бағынбайды, сондықтан олардың диссоциациялану константасы жоқ.
Күшті электролиттер сұйылтылған және әжептәуір концентрлі ерітінділері толық диссоциацияланады, яғни α=1. Сонымен күшті электролиттер ерітіндісінде барлық электролиттің молекуласы ионға түгелдей ыдырайтындықтан әр аттас иондар арасында электростатикалық тартылыс күші туады, әр ион қарама-қарсы зарядты ионмен «иондық ауа» құрып қоршалып тұрады. Осының салдарынан тәжірибеден анықталған күшті электролиттердің диссоциациялану дәрежесі шындыққа сәйкес келмейді. Сондықтан тәжірибеден табылған күшті электролиттердің диссоциациялану дәрежесі іс жүзіндегі диссоциациялану процесін көрсетпейді. Осындай процестердің диссоциациялану дәрежесі «көрсетілмелі» (кажущая) диссоциациялану дәрежесі деп аталып кетті. Күшті электролиттердің ерекше бір қасиеті - әрекеттесуші масса заңына бағынбайтындығы. Күшті электролиттер ерітінділерінің қасиетін сипаттау үшін- «иондардың активтігі» деген үғым енгізілген. Активтік а әрпімен белгіленеді, а = γ . c, мұндағы γ активтік коэффициенті, С - концентрация, моль/л. Өте сұйытылған ерітінділерде γ = 1, онда а = с, осындай жағдайда активтілік пен концентрация өзара тең
а = с, егер γ<1 болса, онда активтілік концентрациядан көп (а ˃ с). Сонымен, су ерітінділерде берілген ионның активтілік коэффициенті сол ерітіндінің концентрациясы мен барлық ерітіндегі иондардың концентрациясына тәуелді болады. Осы тәуелділікті есепке алу үшін ерітіндінің иондық күшті деген ұғым қолданылады. Ерітіндінің иондық күші (µ), ерітіндідегі барлық иондардың мольдық концентрациясы мен олардың зарядтары квадратының көбейтіндісінің жартылай қосындысына тең болады.
µ = 1/2∑c.2
Мұндағы µ- иондық күш; с - мольдік концентрация, ᴢ - ионның заряды. Ерітіндінің иондық күші неғұрлым көбірек болса, соғұрлым иондардың активтілік коэффициенті аз болады, яғни иондардың активтілігі ерітіндіде төмен болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет