Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Затқа анализ жасау үшін мынадай операциялар жүргізеді



бет75/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Затқа анализ жасау үшін мынадай операциялар жүргізеді:

  1. өндіріске түскен шикізаттың барлық құрамына сәйкес болатындай анализге қажет масса алу (орташа сынама);

  2. алынған массаны өлшеу;

  3. анализ жасау үшін ерітінді дайындау;

  4. анализге кедергі келтіретін қоспаларды бөліп алу;

  5. анализге керек әдісті тандап алу.

Өндірісте шикізаттың, дайын өнімнің көп мөлшері, яғни тоннамен өлшенетін (ұн, дән, ет, сүт т.б. ) мөлшері болады. Мұндай мөлшердегі затты анализдеуге мүмкіндік жоқ, сондықтан тек анализ жасауға қажетті ғана мөлшерді ала білу керек. Ол үшін МЕСТ-тер, инструкциялар болады.


Анализ әдісіне қойылатын талаптар:
1. анализ тез жасалуы керек;
2. тек көрсетілген затты ғана анықтай алатын болуы керек;
3. көрсетілген заттың өте аз мөлшерін анықтай алатын болуы керек;
4. анализдің нәтижесі бір-біріне жақын болуы керек.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Аналитикалық химияда қолданылатын әдістер, қысқаша сипаттамалары.

  2. Анализ жазау үшін жүргізілетін операциялар.

  3. Анализ әдістеріне қойылатын талаптар.



ГОМОГЕНДІ ЖҮЙЕДЕГІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

Сапалық және сандық анализде кең мөлшерде қайтымды реакциялар қолданылады: аА + вВ  сС + dD


Реакция кезінде А және В заттары әрекеттесіп, олардың концентрациялары азайып, С және D заттарының концентрациясы көбейеді. Соның нәтижесінде тура реакция жылдамдығы азаяды, кері реакция жылдамдығы артады. Тура және кері реакциялар жылдамдығы теңескен кезде, жүйеде тепе-теңдік орнайды. Тура реакция жылдамдығы:
V1 = k1[A]a[B]в, кері реакция жылдамдығы V2 = k2[С]с[D]d.
Химиялық тепе-теңдік кезінде V1 = V2, яғни k1[A]a[B]в = k2[С]с[D]d
k1 және k2 - реакция жылдамдығының константасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет