Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Ерігіштік көбейтіндісі, оның ережесі, тұнбаға түсіру жағдайлары.
2. Тұнбаға түсіру тәсілімен титрлеу әдістерінің мәні, оларды орындау
жағдайлары:
- Мор тәсілі (тура титрлеу);
- Фольгард тәсілі (тура және кері титрлеу);
- адсорбциялық индикаторларды пайдалану тәсілі;
- меркурометрия тәсілі;
- сульфатометрия тәсілі;
3. Тұнбаға түсіру тәсілінде қолданыларын реакцияларға қойылатын талаптар.
4. Стандартты ерітінділер:
- аргентометрияда;
- роданометрияда;
- меркурометрияда.
5. Осы тәсілдерде пайдаланылатын индикаторлар, оларды қолданатын жағдайлар.
6. Аргентометрия және меркурометрия тәсілдерінің артықшылығы және кемшіліктері.
БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (БӨЖ) ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ОРЫНДАЙТЫН БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА (БОӨЖ) АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Тұнбаға түсіру тәсілімен тирлеу және оның гравиметриялық анализден айырмашылығы. Тұнбаға түсу жағдайлары, ЕК, сатылап (фракциялық) тұнбаға түсіру, ілесе тұнбаға түсіру.
Аргентометриялық тәсілдің (Мор тәсілі) мәні. Стандартты ерітіндісі, индикатор, титрлеу ортасы (жауапты толық беру қажет).
Фольгард тәсілінің мәні. Тура және кері титрлеу. Титранттар, индикатор, ортасы.
Тұнбаға түсіру титрлеуінде пайдаланылатын реакцияларға қойылатын талаптар.
Мор және Фольгард тәсілімен хлорид- және иодид-иондарын анықтаудың артықшылығы және кемшіліктері.
AgNO3 ерітіндісін NaCl ерітіндісімен титрлегенде тұнба бөлшектерінің заряды қалай өзгереді? Изоэлектрлік нүкте дегеніміз не? Мөлдірлену нүктесіне дейін титрлеу дегеніміз не? Лайлану нүктесіне дейін титрлеу дегеніміз не?
Хлоридтерді Мор тәсілімен анықтаған кезде аммоний иондарының кедергі жасау процестерін түсіндіру қажет.
Абсорбциялық индикаторларды пайдалану тәсілінің мәні (Фаянс тәсілі) . Кемшіліктері, артықшылықтары.
Флуоресцеин мысалында ерітінді рН-ның индикатордың қасиетіне әсерін түсіндіру қажет.
Меркурометрия тәсілінде пайдаланылатын индикаторлар. Темір роданидін және дифенилкарбазонды пайдаланған жағдайдағы титрлеу ерекшеліктері.
Аргентометрия, тиоцианометрия, меркурометрия тәсілдерінің артықшылықтары және кемшіліктерін салыстыру қажет.
Әдістемелік қателер, оларды кеміту тәсілдері.
Күміс және сынап тұздары ерітінділерімен жұмыс істеу ерекшеліктері.
15. Тұндыру тәсілімен титрлеу әдісі қандай принципке негізделген?
Тұндыру тәсілі титрлеуінде қандай индикаторлар қолданылады?
16. К2СгО4, эозин, (NH4[Fe(SO4)2 ] индикаторлары әсерінің механизмі қандай?
17. Тұндыру тәсілі титрлеуінде қолданылатын реакцияларға қойылатын талаптар.
18. Химиялық анализде тұндыру тәсілі титрлеуінде қандай әдістер (және титрантар) қолданылады?
19.Тұндыру тәсілі титрлеуінің қисығын тұрғызу үшін қандай формулалар қолданылады?
20.Тұндыру тәсілі титрлеуінде индикатордың жарамдылығын қалай анықтайды?
21.Тұндыру тәсілі титрлеуі кезіндегі индикаторлық қателерді қалай есептейді?
22.Мор, Фольгард, Фаянс әдістері арқылы қандай заттарды анықтайды?
23.Неге Мор әдісі тек бейтарап ортада орындалады?
24.АgNO3 және NH4SCN ерітінділерін қалай стандарттайды?
25.ЕК мәніне сүйеніп барий және магний тұздарын анықтау үшін қандай затты титрант ретінде алуға болатындығын анықтау керек.
26. 0,1н AgNO3 (100cм3) ерітіндісін 0,1н NH4SCN ерітіндісімен NH4[Fe(SO4)2] (0,01М) индикаторы қатысында титрлеу кезіндегі қатені есептеу керек. [FeSCN]2+ = 6,4∙10-6моль/л. Жауабы: титрлеудің қатесі жоқ деп есептеуге болады.
27. 250мл-лік өлшегіш колбада 0,9524г КСІ ерітілген, оның 25,00мл аликвотына 25,65мл AgNO3 ерітіндісі жұмсалған. AgNO3 ерітіндісідісінің титрін, нормальды концентрациясын және ТAgNO3/СІ анықтау керек. Жауабы: 0,008463; 0,04981; 0,001766.
29. Егер 25,00мл NH4SCN ерітіндісіне 25,65мл AgNO3 ерітіндісі (ТAgNO3/Ag = 0,005400г/мл) жұмсалған болса, онда NH4SCN ерітіндісінің Сн,Т және ТNH4SCN/Br-қанша болады? Жауабы: 0,05135; 0,003909; 0,004103. 30. 1,4580г NaCl сынамасы 500мл-лік өлшегіш колбада ерітілген. Бұл ерітіндінің 25,00мл аликвотына 23,40мл 0,04996н AgNO3 ерітіндісі жұмсалған. Сынамадағы NaCl мөлшерін (%) анықтау керек. Жауабы: 93,68%.
31. 1,8840г КСІ сынамасы 500мл-лік өлшегіш колбада ерітілген. Бұл ерітіндінің 25,00мл аликвоты 23,45мл AgNO3 ерітіндісімен ТAgNO3/КСІ= 0,0053695г/мл титрленген. Сынамадағы КCl мөлшерін (%) анықтау керек. Жауабы: 91,98%.