Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Кесек кристалды тұнба алу үшін



бет107/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Кесек кристалды тұнба алу үшін:

  1. Анықталатын зат бар ерітіндіні сұйылту керек.

  2. Тұнбаға түсіретін ерітіндіні тамшылатып құйып, ерітіндіні араластырып отыру керек (ол кезде ұсақ кристалдар түзіліп кетпейді).

  3. Тұнбаны ыстық ерітіндіден түсіру керек, себебі алғашқы кристалдар тез ериді.

  4. Ерітінді толық суыған соң ғана тұнбаны бөліп алу керек.

  5. Затты тұнбаға түсірген кезде, тұнбаның ерігіштігін арттыратын зат құю керек, мысалы, ВаSO4 –ді тұнбаға түсіргенде оның ерігіштігін арттыратын HCl құяды, бұл кезде НSO4- -пайда болып, ВаSO4-тің ерігіштігі артады, яғни ұсақ алғашқы кристалдар көп түсіп кетпес үшін, бірақ тұнба түсіру операциясының аяғында ВаSO4-тің ерігіштігін қайта төмендету үшін, тұнбаға түсіретін ерітіндінің артық мөлшерін құяды.

  6. Бұл талаптарды орындаса да, ерітіндіде аздаған ұсақ кристалдар болуы мүмкін, олар фильтр қағазының тесігінен өтіп кетіп, анықталатын заттың мөлшерін азайтады, сондықтан тұнбаға түсіретін ерітіндіні толық құйып болған соң, тұнбаны бір-екі сағатқа қалдырады.

Тұнбаға түсірудің барлық жағдайы қадағаланса да, тұнба кейде таза болмауы мүмкін. Тұнбаның таза болмауы көбінесе адсорбция, окклюзия және изоморфизм деген процестерге байланысты болады.
Адсорбция – қатты заттардың сыртқы бетіменен газ, бу және еріген заттарды сіңіре алу қабілеті.
Адсорбция кезінде тұнбаны кірлететін зат қатты тұнбаның бетіне сіңіріледі. Мысалы, егер ерітіндіде BaCl2 және FeCl3 тұздары болса, ерітіндіге H2SO4 құйғанда BaSO4 тұзы тұнбаға түседі, ал Fe2(SO4)3 тұнбаға түспеуі керек, себебі ол суда жақсы еритін тұз. Бірақ BаSO4 тұнбасының бетіне Fe2(SO4)3 адсорбцияланады, яғни сіңіріледі. Сондықтан тұнба таза болмайды.
Окклюзия кезінде тұнбаны кірлететін зат тұнбаның бетінде емес, оның іш жағына кіреді, яғни тұнбаның кристалдары өскен кезде кристалл торының ішінде болады.
Изоморфизм – кристалдық формалардың бір типті болуы. Ерітіндідегі элементтердің радиустары жақын болса, онда аралас кристалдар түзіледі, мысалы, егер ерітіндіде Ra2+ және Ba2+ иондары болса, олардың радиустары жақын болғандықтан Ra2+ иондары өте аз болса да, яғни
[Ra2+][ SO42-]ЕК RaSO4 олар аралас кристалл түзіп, бірге тұнбаға түседі. Ra2+ иондары СаSO4 –пен бірге тұнбаға түспейді. Аr(Ba)=137, Аr(Ra)=226.
Тұнбаны мұндай кірлететін иондардан тазалау үшін, оны қайта ерітіп, қайта тұнбаға түсіреді, не жоғарыда айтылған талаптарды сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет