Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Альдегидтер мен кетондардың изомериясы, номенклатурасы, мысалдар келтіру керек.
2. Алу, қолданылуы.
3. Физикалық және химиялық қасиеттері.
4.Мына заттардың структуралық формуласын құру керек: 2-хлорпентаналь; 2-метилпропаналь; бензальдегид; 2-пентанон; метилфенилкетон.
5. 2 атм қысымда, 27оС температурада 4.92л ацетиленге суды қосса, неше грамм ацетальдегид түзіледі? Жауабы: 17,6г.
6. Егер метил спирті 400мл 0,1М перманганат ерітіндісімен қышқыл ортада тотықса, неше грамм формальдегид түзіледі? Жауабы: 3г
№ 8 Зертханалық сабақтың тақырыбы
Альдегидтер мен кетондардың қасиеттерін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: а) альдегид тобына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау және оны түсіндіру; б) зертханалық әдіспен ацетальдегид пен ацетонды алу; в) ацетонның қасиетін зерттеу.
Реактивтер мен жабдықтар: 40% формальдегид ерітіндісі, этил спирті, кальций карбиді, фуксинкүкіртті қышқылы, 0,2н күміс нитраты (АgNO3) ерітіндісі, аммиак (NH3), натрий гидросульфиті қанық ерітіндісі, 10% NaOH ерітіндісі, ацетон, 1% калий йодидіндегі йод ерітіндісі, калий йодиді ерітіндісі, хром қоспасы ерітіндісі, пробиркалар, штатив, шыны таяқша, пемза үгінділірі, кинопленка, спирт шамы, газ жүретін түтікшелі тығын, мыс сымы, жұқа шыны, микроскоп.
1-тәжірибе. Этил спиртін тотықтыру арқылы сірке альдегидін алу
Жұмыс барысы: Газ жүретін түтікшелі пробиркаға 2мл хром қоспасы мен 2 мл этил спиртін құяды. Газ жүретін түтікшені суы бар пробиркаға салады. Қоспаны абайлап спирт шамымен қыздырады. Түзілетін сірке альдегиді пробиркада сулы ерітінді түрінде жиналады, оны иісінен байқайды.
2-тәжірибе. Этил спиртін дегидрлеу арқылы сірке альдегидін алу
Жұмыс барысы: Пробиркаға 1мл этил спиртін құяды. Спирт шамына мыс сымын қызыл болғанша қатты қыздырып, спиртке салады. Тәжірибені 5-6 рет қайталайды. Реакция өнімі - сірке альдегиді, оны иісінен байқайды.
СН3- СН2ОН СН3СНО + Н2
Достарыңызбен бөлісу: |