«химия» ПӘнінен 8-сыныптың КҮнтізбелік-тақырыптық жоспары



Дата19.09.2023
өлшемі28,11 Kb.
#108798
Байланысты:
«химия» ПӘнінен 8-сыныптың КҮнтізбелік-тақырыптық жоспары-emirsaba.org


«химия» ПӘнінен 8-сыныптың КҮнтізбелік-тақырыптық жоспары

«ХИМИЯ» ПӘНІНЕН 8-СЫНЫПТЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
68 сағат, аптасына 2 рет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі


Тақырып \ Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны


Оқу мақсаттары


Сағат саны


1-тоқсан




8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы (5 с.)




Атомда электрондардың таралуы




8.1.3.1 -атомда электрондарядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну


1

Энергетикалық деңгейлер.
№ 1зертханалық тәжірибе «Атомдар модельдерін жасау»

8.1.3.2 -әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну


8.1.3.3-s және р орбиталдарының пішінін білу
8.1.3.4 -алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жаза білу

2

Иондардың түзілуі


8.1.3.5 -атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну


1

Қосылыстар формуласын құрастыру

8.1.3.6 -«нольдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру


1

8.1В
Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері (5 с.)


Химиялық формулалар бойынша есептеулер


8.2.3.1 -заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару


1

Химиялық реакция теңдеулерін құру. Зат масссасының сақталу заңы. №1көрсетілім «Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе».
№2 зертханалық тәжірибе «Әрекеттесуші заттардың қатынасы»

8.2.3.2-әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтау;


8.2.3.3 –реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру;
8.2.3.4 -заттар массасының сақталу заңын білу;

2

Химиялық реакция типтері

8.2.2.1 -бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу


1

Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар

8.2.2.2-табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларды сипаттау;


1

8.1С
Металдар белсенділігін салыстыру (5 с.)


Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі.


№2көрсетілім «Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі»

8.2.4.1 -кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;


8.2.4.2 -белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;
8.2.4.3 -металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу;

1

Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі.
№3зертханалық тәжірибе «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен әрекеттесуі»

8.2.4.4 -қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу


8.2.4.5 -металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру

1

Металдардың тұз ерітінділерімен реакциялары.
№3 көрсетілім «Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру»

8.2.4.6 -металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу


1

Металдардың белсенділік қатары.
№1 практикалық жұмыс «Металдардың белсенділігін салыстыру»

8.2.4.7 -эксперимент нәтижесі бойынша металдардың белсенділік қатарын құру және оны анықтама мәліметтерімен сәйкестендіру


8.2.4.8-металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау

2

Тоқсандық жиынтық бағалау

1

2-тоқсан



8.2А
Зат мөлшері


(3 с.)


Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны.Заттардың молярлық массасы




8.1.1.1 -зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде –мольді білу және Авогадро санын білу


8.1.1.2 қосылыстың молярлық массасын есептей алу

1

Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс

8.1.1.3 -масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеу


2

8.2В
Стехиометриялық есептеулер (5 с.)


Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару


8.2.3.5 -химиялық реакция теңдеулері бойыншазаттың массасын, зат мөлшерін есептеу


1

Авагадро заңы.Молярлық көлем

8.2.3.6 -Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану


1

Газдардың салыстырмалы тығыздығы.
Көлемдік қатынас заңы

8.2.3.7 -газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу


8.2.3.8 -газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану

2

8.2C
Химиялық реакциядағы энергиямен танысу
(3 с.)


Отынның жануы және энергияның бөлінуі




8.3.1.1 -заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну


8.3.1.2 -парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну

1

Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар.
№4 зертханалық тәжірибе «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар»

8.3.1.3 -экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу


8.3.1.4 –әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсер ету салдарынтүсіну


1

Термохимиялық реакциялар

8.3.1.5 -энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру


1

8.2D
Сутек. Оттек және озон (4 с.)


Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы.


№2 практикалық жұмыс «Сутекті алу және оның қасиеттерін тану»

8.4.2.1 -сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу


1

Оттек, алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
№4 көрсетілім «Сутек пероксидінің ыдырауы».
№3 практикалық жұмыс «Оттекті алу және оның қасиеттерін тану»

8.4.2.2 -ауа құрамындағы және жер қыртысындағы оттектің пайыздық мөлшерін білу


8.4.2.3 -оттекті алу және оның
қасиеттері мен қолданылуын зерттеу

2

Оттек және озон


8.4.2.4 -оттектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін салыстыру


8.4.2.5-Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру

1

Тоқсандық жиынтық бағалау

1

3-тоқсан



8.3А
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі


(6 с.)

Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы


8.2.1.1 -топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру


1

Химиялық элемент атомдарының қасиеттері мен кейбір сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі

8.2.1.2 -бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық деңгейінде электрондар санының бірдей болатындығын түсіну


8.2.1.3 -топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің заңдылықпен өзгеретінін түсіндіру

2

Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтің сипаттамасы

8.2.1.4 -периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементті сипаттау


1

Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері

8.2.1.5 -химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа жататындығын дәлелдеу;


8.2.1.6 -химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру

1

Металдар және бейметалдар

9.2.1.7-химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау


1

8.3В
Химиялық байланыс түрлері
(6 с.)


Электртерістілік. Ковалентті байланыс


8.1.4.1 -электртерістілік ұғымы негізінде атомдар арасындағы ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру


2

Иондық байланыс


8.1.4.2 -иондық байланыстың түзілумеханизмін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау


2

Кристалдық тор түрлері, байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс

8.1.4.3 -заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру


2

8.3С
Ерітінділер және ерігіштік
(7 с.)


Заттардың суда еруі.


№5зертханалық тәжірибе «Заттардың ерігіштігін зерттеу»

8.3.4.1 -заттарды судағы ерігіштігі бойынша жіктеу


8.3.4.2 -ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру

1

Заттардың ерігіштігі.
№ 4практикалық жұмыс «Қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсері»


8.3.4.3 -заттың ерігіштігіне температураның әсерін түсіндіру


8.3.4.4 -буландыру техникасын қолдана отырып, заттың 100 г судағы ерігіштігін есептеу, алынған нәтижелерді анықтамалық мәндермен салыстыру

2

Еріген заттың массалық үлесі

8.3.4.5-еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу


2

Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы.
№5практикалық жұмыс «Пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау»

8.3.4.6-ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу




2

Тоқсандық жиынтық бағалау

1

4-тоқсан



8.4А
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.


Генетикалық байланыс (9 с.)

Оксидтер.


№6зертханалық тәжірибе «Оксидтердің
қасиеттерін зерттеу»

8.3.4.7 -оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру


2

Қышқылдар.
№ 7 зертханалық тәжірибе «Қышқылдардың
қасиеттерін зерттеу»

8.3.4.8-қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру


2

Негіздер.
№8зертханалық тәжірибе «Негіздердің
қасиеттерін зерттеу»

8.3.4.9-негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру


2

Тұздар.
№9зертханалық тәжірибе «Тұздардың қасиеттері және алынуы»

8.3.4.10-тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру


8.3.4.11-тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

2

Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс

8.3.4.12-бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты


зерттеу

1

8.4В
Көміртек және оның қосылыстары (4 с.)


Көміртектің жалпы сипаттамасы




8.4.3.1 -көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін түсіндіру


8.4.3.2 -табиғатта көміртек және оның қосылыстарының таралуын сипаттау

1

Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері

8.4.3.3 -көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру


8.4.3.4 -көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің қолданылу аймағын зерттеу

1

Көміртектің қасиеттері.
№6практикалық жұмыс «Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері».
Көміртектің оксидтері.
№7практикалық жұмыс «Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу»

8.4.3.5 -көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу


8.4.3.6 -көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын сипаттау және тірі ағзаларға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіру;
8.4.3.7 -көмірқышқыл газын ала алу, оны анықтау және қасиеттерін зерттеу
8.4.3.8 -көміртектің табиғаттағы айналымын құру және түсіндіру

2

8.4С
Су (2 с.)


Табиғаттағы су




8.4.2.6 -судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіндіру


8.4.2.7 -судың табиғаттағы айналымын түсіндіру

1

Судың ластану себептері.
Судың кермектігі.
№10зертханалық тәжірибе «Судың кермектігін анықтау»

8.4.2.8 -судың ластануының қауіптілігі мен себебін анықтау, суды тазарту әдістерін түсіндіру


8.4.2.9 -судың «кермектігін» анықтау және оны жою тәсілдерін түсіндіру
8.4.2.10 -суды сусыз мыс (ІІ) сульфатын қолданып анықтау тәсілін білу

1

Тоқсандық жиынтық бағалау

1



http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет