Химия пәнінен Бақылау жұмыстар жинағы 9- сынып Арбиген 2014 жыл Түсінік хат


«Электролиттік диссоциация және электролиттердің қасиеттері»



бет3/7
Дата14.09.2022
өлшемі135 Kb.
#39127
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бақылау жұмыс жинағы 9 сынып

«Электролиттік диссоциация және электролиттердің қасиеттері»
тақырыбына арналған тест жұмысы.
1. Электролитке жататын затты көрсетіңіз:
A) HBr (ерітінді). B) Н2 (газ).
C) С12Н22О11 (ерітінді). D) КОН (қатты). E) СО2 (газ).
2. Реакция теңдеуіндегі электролит емес заттардың алдындағы коэффициенттер қосындысы:
2Al + 3H2SO4(ерітінді) ® Al2(SO4)3(ерітінді) + 3H2­
A) 2. B) 5. C) 6. D) 3. E) 4.
3. Натрий сульфаты мен барий хлоридінің ерітінділерінің арасындағы толық және қысқартылған иондық теңдеудің барлық коэффициенттер қосындысы тең:
A) 11 және 3. B) 9 және 5. C) 9 және 3. D) 11 және 5. E) 7 және 3.
4. Mg2+ + 2OH- ® Mg(OH)2¯ қысқартылған иондық теңдеуі мына заттардың әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі:
A) магний тұзының ерітіндісі суда ерімейтін негізбен.
B) магний оксиді сілтімен.
C) суда ерімейтін магний тұзы суда ерімейтін негізбен.
D) суда ерімейтін магний тұзымен сілтімен әрекеттесуінен.
E) магний тұзының ерітіндісі сілтімен әрекеттескенде.
5. Са2+ + SO42- = CaSO4¯ қысқартылған иондық теңдеуі мына заттардың әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі:
A) CaCl2 және Na2SO4. B) CaO және К2SO4.
C) Ca және Na2SO4. D) CaCO3 және PbSO4.
E) CaCl2 және BaSO4.
6. Диссоциация кезінде катион ретінде сутек пен металл иондары түзілетін заттардың аты:
A) негізгі тұздар. B) сілтілер.
C) қышқылдар. D) орта тұздар.
E) қышқыл тұздар.
7. Ерітіндіде бір мезгілде бола алатын иондарды көрсетіңіз:
A) Н+ және ОН-. B) Ag+ және Cl-.
C) Ba2+ және SO42-. D) Ca2+ және CO32-.
E) Ba2+ және 2NО3-.
8. Диссоциация кезінде хлорид-ион түзетін зат:
A) KClO3. B) KCl. C) KClO. D) HClO. E) HClO4
9. Судағы ерітіндісінде бір-бірімен әрекеттесе алмайтын заттар:
A) мыс (ІІ) хлориді + калий гидроксиді ®. B) мыс (ІІ) хлориді + натрий сульфиді ®.
C) калий хлориді + натрий нитраты ®. D) калий хлориді + күміс нитраты ®.
E) күкірт қышқылы + барий хлориді ®.
10. Калий карбонаты мен кальций хлоридінің судағы ерітінділерін бір-бірімен араластырғанда тұнба түзетін иондар жұбы:
A) Ca2+ және CO32-. B) К+ және Ca2+.
C) Ca2+ және SO32-. D) CO32- және Cl-.
E) К+ және Cl-.
11. Судағы ерітіндісінде соңына дейін жүрмейтін реакция:
A) Al(OH)3 + H2SO4 ®. B) KHCO3 + Ca(OH)2 ®.
C) KCl + NaNO3 ®. D) Na2CO3 + HCl ®.
E) KCl + AgNO3 ®.
12. Электролиттік диссоциация дегеніміз:
A) иондар және атомдар түзілу процесі.
B) заттардың суда ерігенде немесе балқығанда иондарға ыдырау процесі.
C) электролиттердің жеке атомдарға ыдырау процесі.
D) иондардың қосылып молекула түзу процесі.
E) заттардың өз бетімен жеке молекулаларға ыдырауы.
13.Диссоциациясы сатылап жүретін зат:
A) HNO3. B) LiCl. C) NaHCO3. D) NaCl. E) KOH.
14. Диссоциация кезінде сутектің катионын (Н+) және қышқыл қалдығы анионын түзетін заттар:
A) қышқылдар. B) оксидтер. C) негіздер. D) негіздік оксидтер. E) тұздар.
15. Соңына дейін жүретін ион алмасу реакциясын көрсетіңіз.
A) NaNO3 + KCl ® NaCl + KNO3.
B) NaOH + HCl ® NaCl + H2O.
C) LiNO3 + KCl ® LiCl +KNO3.
D) CaO + H2O ® Ca(OH)2.
E) Na2CO3 + 2KOH ® K2CO3 + 2NaOH.
16. 3 моль темір (ІІІ) сульфаты диссоциацияланғанда түзілетін сульфат-аниондардың мөлшері
A) 36. B) 9. C) 3. D) 12. E) 6.
17. Хлорид-ионға реактив болатын зат:
A) Барийдің ерімейтін тұздары. B) Барийдің еритін тұздары.
C) Индикаторлар. D) Күмістің еритін тұздары.
E) Магнийдің еритін тұздары.
18. Тұнба түзе жүретін иондар жұбы:
A) Ba2+ және OH-. B) Al3+ және SO42-.
C) Ca2+ және CO32-. D) Na+ және Cl-. E) Mg3+ және NO3-.
19. “Қышқылдың диссоциациялану дәрежесі 25%-ке тең” деген ұғымның мәні:
A) Қышқылдың ерітіндісіндегі 25% бөлшектері – катиондар.
B) Қышқылдың бар молекуласының 25%-і иондарға ыдырайды.
C) Қышқылдың бар молекуласының 25%-і иондарға ыдырамайды.
D) Қышқылдың ерітіндісіндегі 25% бөлшектері – молекулалар.
E) Қышқылдың ерітіндісіндегі 25% бөлшектері – аниондар.
20. Ең күшті қышқыл:
A) H2SO3. B) H2SіO3. C) H2SO4. D) H3PO4. E) H2CO3.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет