Бақылау жұмысы №2 «Электролиттік диссоциация және электролиттердің қасиеттері» мақсаты: Тақырыптық бақылау жұмысы бойынша оқушылардың
білімді меңгеру дәрежесін анықтау.
I – нұсқа 1. Мына берілген катиондар мен аниондардан тұратын тұздардың формулаларын құрастырыңдар:
А) Сa+және NO3-, Li+және HSO4-;
Ә) K+ және SO42- , Mg2+ және HSO4-;
Б) Al3+және Cl-, Ba2+ және HS-.
2. Қай реакция судағы ерітіндісінде ақырына дейін жүреді?
1) Алюминий хлориді+хлорсутек қышқылы;
2) Темір (ІІ) нитраты+калий гидроксиді? Тиісті реакцияның молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
3.Мына заттарды Электролиттер мен бейэлектролиттерге жіктеңдер;
Ас тұзы, құм, натрий гидроксиді, өсімдік майы, глюкоза, су.
4. Мына қосылыстардың диссоциациялану теңдеулерін жазыңдар.
Na2SO4, Zn(NO3)2, H2CO3.
II – нұсқа 1. Мына берілген катиондар мен аниондардан тұратын тұздардың формуласын жазыңдар:
А) Li+ және СО32-; Ag- және NO3-; Ә) Na+ және NO3-; Ca2+ және SO42-;
Б) Ba2+ және Cl-; Na+ және S2-;
2. Қай реакция судағы ерітіндісінде ақырына дейін жүреді?
1) калий гидроксиді+ натрий хлориді;
2) натрий гидрофосфаты+ калий хлориді; Тиісті реакцияның молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.
3. Мына заттарды Электролиттер мен бейэлектролиттерге жіктеңдер;
Калий хлориді, қант, бензин, натрий карбонаты, азот қышқылы су.
4. Төменде формулалары келтірілген электролиттердің диссоциациялану теңдеуін жазыңдар.
Na2SO4, Zn(NO3)2, HCl.