«Химия» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып


В «Карбонильді қосылыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет4/27
Дата14.03.2023
өлшемі0,94 Mb.
#74103
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
«Õèìèÿ» ï?í³íåí æèûíòû? áà?àëàó?à àðíàë?àí ?ä³ñòåìåë³ê ?ñûíûñòàð

11.1В «Карбонильді қосылыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Оқу мақсаты

11.4.2.1 Альдегидтер және кетондардың, карбон қышқылдарының функциональды топтарының құрылысын білу
11.4.2.2 Альдегидтер және кетондардың, карбон қышқылдарының құрылымдық формулаларын құрастыру және оларды Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы бойынша атау
11.4.2.3 Альдегидтер және кетондарды алудың түрлі әдістерін түсіндіру
11.4.2.5 Альдегидтер және кетондардың тотығу және тотықсыздану өнімдерінің реакция теңдеулерін
құрастыру
11.4.2.8 Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Альдегидтер және кетондардың, карбон қышқылдарының функционалды топтарының құрылысын сипаттайды

  • Альдегидтер және кетондардың, карбон қышқылдарының құрылымдық формулаларын құрастырып және оларды Теориялық, қолданбалы химияның халықаралық одағы бойынша атайды

  • Альдегидтер және кетондарды алудың түрлі әдістерін сипаттайды

  • Альдегидтер және кетондардың тотығу және тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құрастырады

  • Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады


Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Қолдану
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырмалар

  1. (a) Альдегид, кетон және карбон қышқылдары функционалдық топтарының құрылысын көрсетіңіз.

O


    1. Карбонил тобындағы қос байланыс пен этилен көмірсутектеріндегі қос

байланыстың ұқсастығы және айырмашылығы қандай?

  1. (a) Альдегидтер, кетондар және карбон қышқылдарының формулаларын құрастырыңыз және оларды (ИЮПАК) жүйелеу номенклатурасы бойынша атаңыз.

Формуласы

Аталуы


3- метилбутанқышқылы





3,3- диметилпентаналь





  1. (a) Альдегидтер мен кетондардың алынуы бойынша дұрыс тұжырым(дар)ды таңдаңыз:

        1. Альдегидтерді көмірсутектерді, спирттерді тотықтырып алады

        2. Альдегидтерді тотықтырып карбон қышқылын алады

        3. Біріншілік спирттер тотыққанда кетон түзіледі

      1. тек i және ii

      2. тек i және iii

      3. тек ii және iii

      4. і, ii және iii


    1. Альдегидтерді алудың екі әдісіне реакция теңдеуін жазыңыз:

1)
2)

  1. (a) (i) Берілген реакция теңдеуін кез-келген альдегидтің мысалында жазып аяқтаңыз, түзілген өнімді атаңыз:



(b) Кез – келген альдегид және кетонның мысалында реакцияларының теңдеулерін аяқтаңыз, түзілген өнімді атаңыз:

тотықсыздану



  1. Сызбанұсқаға сәйкес карбон қышқылының химиялық қасиетіне сәйкес реакция теңдеуін құрастырыңыз, түзілген өнімді атаңыз:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет