«Химия» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып


ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет9/24
Дата06.06.2022
өлшемі1,16 Mb.
#36442
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


    1. А «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаты 9.2.2.3 Тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және

қолдану

        1. Тотығу және тотықсыздану үдерістері бірбірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну

        2. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну

        3. Тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну

        4. Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою



Бағалау критерийі Білім алушы

          • Электрондарды беру мен алу тұрғысынан тотығу және тотықсыздану үрдістерін жіктейді

          • Бір мезгілде қарама-қарсы жүретін үрдістер ретінде тотығу және тотықсыздану мәнін анықтайды

          • Реагенттер мен өнімдер құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды

          • Жартылай реакция әдісімен электронды балансты құрастырады және тотығу-тотықсыздану үрдісінің жиынтық теңдеуін теңестіреді

          • Қосылыстардың тотығу қабілеттерін бағалайды.



Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну/ Қолдану



Орындау уақыты 20 минут


Тапсырма





  1. Электронды беру үрдісі қалай аталады?

    1. Тотықсыздану

    2. Тотығу

    3. Тотығу-тотықсыздану

    4. Айырылу




  1. Назарларыңызға найзағайдың әсерінен жүруі мүмкін реакциялар ұсынылған.

Қай қатардағы жауап реагент молекулаларында болып жатқан процестерді дұрыс көрсетеді?




  1. Тотығу үдерісіне сәйкес келетін тұжырым:




Тұжырым

1

Тотығу дәрежесі өседі

2

Сутектің мөлшері артып, оттектің мөлшері кемиді

3

Оттектің мөлшері артып, сутектің мөлшері кемиді

    1. 1,2 және 3

    2. 1 және 3

    3. 2 және 3

    4. тек қана 3



4. K2Cr2O7 + KI + H2SO4 = Cr2(SO4)3 + K2SO4 + I2 + H2O
(а) Теңдеудегі заттардың үстіне тотығу дәрежелерін көрсетіңіз:




  1. (i) Құрамындағы атомдары тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиет көрсететін

реаганттерді анықтаңыз:

Тотықтырғыш


Тотықсыздандырғыш

(ii) тотығу дәрежесін пайдалана отырып, тотықтырғыштың атауын жазыңыз:






  1. электрондық баланс әдісі арқылы: тотығу процесінің теңдеуін жазыңыз:


тотықсыздану процесінің теңдеуін жазыңыз:






  1. Тотығу – тотықсыздану процесінің теңдеулерін қолдана отырып, реакцияның молекулалық теңдеуін жазып, теңестіріңіз:





  1. Тотығу және тотықсыздану процесіне электрондарды қосып немесе беріп жіберу тұрғысынан анықтама беріңіз:






5. Төменде хром (ІІ) оксидінің, CrO айналымы көрсетілген. (а) Кестені толтырыңыз:





Орын алған үрдіс

Аталуы

А







В

Сr2+ -4𝑒̅ → Сr6+

Тотығу

С







D







    1. Қандай үрдісте хром (ІІ) оксиді тотықтырғыштық қасиет көрсетеді?



A. D

B. C

C. B

D. A

(с) Хром (ІІІ) оксидіндегі хромның тотығу дәрежесі аралық мәнеге ие болғандықтан тотықтырғышта, тотықсыздандырғышта қандай қасиет көрсетеді?


𝑡𝑜
Cr2O3 + 2Na2CO3 + 3NaNO3 2Na2CrO4 + 3NaNO2 + 2CO2

і. Қосылыстың формуласын жазыңыз:


Тотықтырғыш: Тотықсыздандырғыш:


іі. Төменде хром (ІІІ) оксидінің химиялық қасиеті көрсетілген. Тотығу - тотықсыздану реакцияларын анықтаңыз:



      1. Cr2O3 + 6HCl 2CrCl3 + 3H2O

      2. Cr2O3 + 2Al Al2O3 + 3Cr

      3. Cr2O3 + KClO3 + 2K2CO3 2K2CrO4 + KCl + 2CO2

      4. Cr2O3 + 2KOH 2KCrO2 + H2O

Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Электрондарды беру мен алу тұрғысынан тотығу және тотықсыздану
үрдістерін жіктейді

1

электронды беру үрдісін анықтайды;

1

Бір мезгілде қарама- қарсы жүретін үрдістер ретінде тотығу және тотықсыздану мәнін
анықтайды

2

найзағай кезінде атмосферада болатын химиялық реакциялар бойынша реагенттердің тотығу және тотықсыздану үрдістерін белгілейді;

1

Реагенттер мен өнімдер құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды

3

тотығу дәрежесінің кемуі/ артуы бойынша
тотығу үрдісін анықтайды;

1

сутектің/ оттектің мөлшері кемуі, артуы
бойынша тотығу үрдісін анықтайды;

1

Жартылай реакция әдісімен электронды балансты құрастырады және тотығу-
тотықсыздану үрдісінің жиынтық теңдеуін теңестіреді

4

реагенттер мен реакция өнімдерінің тотығу
дәрежесін анықтайды;

1

тотықтырғыш рөлін атқаратын реагентті
анықтайды;

1

тотықсыздандырғыш рөлін атқаратын реагентті
анықтайды;

1

тотықсыздану үрдісінің жартылай теңдеуін
құрастырады;

1

тотығу үрдісінің жартылай теңдеуін
құрастырады;

1

толық молекулалық реакция теңдеуін
құрастырады;

1

тотығу және тотықсыздану үрдістерінің жартылай реакция теңдеулерін ескере отырып,
коэффициенттерді қояды;

1

тотығу-тотықсыздану үрдісінің анықтамасын
жазады;

1

Қосылыстардың тотығу қабілеттерін бағалайды;

5

келтірілген сызба бойынша А үрдісті
анықтайды;

1

келтірілген сызба бойынша С үрдісті
анықтайды;

1

келтірілген сызба бойынша D үрдісті
анықтайды;

1

қандай үрдісте хром (ІІ) оксиді
тотықтырғыштық қасиет көрсететіндігін анықтайды;

1

келтірілген процестен Cr2O3 потенциалын бағалайды және тотықсыздандырғыштың рөлін
анықтайды;

1

келтірілген процестен Cr2O3 потенциалын бағалайды және тотықтырғыштың рөлін
анықтайды;

1

Cr2O3 химиялық айналулар тізімінен тотықтырғыштың ролін көрсете отырып,
реакцияны анықтайды;

1

Cr2O3 химиялық айналулар тізімінен

1







тотықсыздандырғыштың ролін көрсете отырып,
реакцияны анықтайды.




Барлығы

20

9.2А «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» бөлімі бойынша


жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні




Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Электрондарды беру мен алу тұрғысынан тотығу және тотықсыздану үрдістерін жіктейді

Электрондарды беру мен алу тұрғысынан тотығу және тотықсыздану үрдістерін жіктегенде қиналады.

Электронды беру үрдісін анықтағанда қателіктер жібереді.

Электрондарды беру мен алу тұрғысынан тотығу және тотықсыздану үрдістерін жіктейді.

Бір мезгілде қарама- қарсы жүретін үрдістер ретінде тотығу және тотықсыздану мәнін анықтайды

Бір мезгілде қарама-қарсы жүретін үрдістер ретінде тотығу және тотықсыздану мәнін анықтағанда қиналады.

Найзағай кезінде атмосферада болатын химиялық реакциялар бойынша реагенттердің тотығу және тотықсыздану үрдістерін белгілегенде қателіктер жібереді.

Бір мезгілде қарама-қарсы жүретін үрдістер ретінде тотығу және тотықсыздану мәнін анықтайды.

Реагенттер мен өнімдер құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды

Реагенттер мен өнімдер құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтағанда қиналады.

Тотығу дәрежесінің кемуі/ артуы бойынша тотығу үрдісін анықтағанда/сутектің/ оттектің мөлшері кемуі/артуы бойынша тотығу үрдісін анықтағанда қателіктер жібереді.

Реагенттер мен өнімдер құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды.




Жартылай реакция әдісімен электронды балансты құрастырады және тотығу-
тотықсыздану үрдісінің жиынтық теңдеуін теңестіреді

Жартылай реакция әдісімен электронды балансты құрастырғанда және тотығу- тотықсыздану үрдісінің
жиынтық теңдеуін теңестіргенде қиналады.

Реагенттер мен реакция өнімдерінің тотығу дәрежесін /тотықтырғыш/ тотықсыздандырғыш рөлін атқаратын реагентті анықтағантағанда/ тотықсыздану/тотығу үрдісінің жартылай теңдеуін құрастырғанда/ толық молекулалық реакция теңдеуін құрастырғанда/ тотығу және тотықсыздану үрдістерінің жартылай реакция теңдеулерін ескере отырып, коэффициенттерді қойғанда/ тотығу-тотықсыздану үрдісінің анықтамасын жазғанда қателіктер жібереді.

Жартылай реакция әдісімен электронды балансты құрастырады және тотығу- тотықсыздану үрдісінің жиынтық теңдеуін теңестіреді.

Қосылыстардың тотығу қабілеттерін бағалайды

Қосылыстардың тотығу қабілеттерін бағалағанда қиналады.

Келтірілген сызба бойынша А/С/ D үрдісті анықтағанда/ қандай үрдісте хром (ІІ) оксиді тотықтырғыштық қасиет көрсететіндігін анықтағанда/келтірілген процестен Cr2O3 потенциалын бағалайды
/тотықсыздандырғыштың/тотықтырғыштың рөлін анықтағанда/ Cr2O3 химиялық айналулар тізімінен
тотықтырғыштың/тотықсыздандырғыштың ролін көрсете отырып, реакцияны анықтағанда қателіктер жібереді.

Қосылыстардың тотығу қабілеттерін бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет