Химия пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары. 8- сынып тапсырмалары I тур №1 есеп (10 ұпай)



Дата13.01.2023
өлшемі15,04 Kb.
#61184
Байланысты:
Химия п нінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары. 8- сынып тапс


Химия пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары. 
8- сынып тапсырмалары
I - тур
1 есеп (10 ұпай)
А) Жас химик, ас үйдегі құбылыстарды бақылай отырып, химиялық құбылыстардың тізбесін жасады:
а) ұннан қамыр дайындау үшін соданы сірке қышқылында сөндіру;
б) қанттың суда еруі;
в) сүттің ашуы;
г) шырынның ашуы;
д) ыстық табада сары майдың балқуы; 
е) шайдің демделуі;
ж) вареньнің қанттануы.
Бірақ физикалық құбылыстарды да тізімге жазып жіберді, сол құбылыстарды көрсетіңіздер.
2 есеп . (14 ұпай)
А) Табиғатта темір бірнеше минералдар түзеді. Ол магнетит Fe3O4 , гематит Fe2O3 лимонит 2Fe2O3 *3Н2О. Осы минералдардың қайсысында темірдің массалық үлесі өте көп.
Б) +5 тотығу дәрежесін көрсететін оксидтің құрамындағы оттектің массалық үлесі 56,3% тең. Осы элементті анықтап, оксидтің формуласын табыңыздар.

3 есеп. (7ұпай)


Формуланы құрастырып, байланыстың типін көрсетіңіздер, байланыстың түзілу схемасын салыңдар: күкірт және сутек, сынап оксиді, темір және мыс сульфаты, мыс оксиді және күкірт қышқылы.
4 есеп(6 ұпай)
Мектептің ішінен оқушының химия пәнінен жазылған шпаргалкасы табылды, оның ішінде жазылған реакциялардың тек қана оң жақ бөлігі ғана сақталып қалған еді. Сіздер енді осы реакцияның сол жақ бөлігін қалпына келтіріңіздер.
Mg + Н2О =
ZnSO4 + Cu =
Са + Сl2 =

5 есеп. (8 ұпай) ( әрбір реакция теңдеуіне 2 ұ.)


Айналымды жүзеге асырыңыздар:
көміртек → көмір қышқыл газы → натрий карбонаты → көмір қышқылы→ барий карбонаты

Химия пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары
8- сынып тапсырмалары
II - тур
Практикалық тапсырма:



  1. Ойша эксперимент.

Ас тұзы мен балшықтан тұратын қоспаны бөлу үшін қандай әдістерді қолдануға болады?
(15 ұпай)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет