Химия пәнінен мектепішілік олимпиадаға арналған тапсырмалар 8 сынып



Дата10.11.2022
өлшемі63 Kb.
#49141

Химия пәнінен мектепішілік олимпиадаға арналған тапсырмалар
8 сынып

  1. Қай элементтердің атаулары жасырылған: цергаман, мейкрин, озат?

(3 б.)

  1. Қай химиялық элементтер мемлекеттердің құрметіне аталған? Кем дегенде төрт мысал келтір.

(3 б.)

  1. Тұжырымдар мен ұғымдардың арасында сәйкестікті тап:

  1. Су 00С мұзғай айналады

А) Химиялық құбылыс

  1. Алтын Аu деп белгіленеді

Ә) Физикалық құбылыс

  1. Магний – 24, көміртек – 12, күкірт - 32

Б) Химиялық элемент

  1. Көмір оттекті атмосферада жаңады

В) Химиялық таңба

  1. Алюминий – күмістей-ақ, жеңіл, жұмсақ металл

Г) Жай зат

  1. Су молекуласы оттек пен сутек атомдарынан тұрады

Д) Күрделі зат

  1. Сутек күкірт қышқылының құрамына кіреді

Е) Физикалық қасиет

  1. Шарларды гелиймен толтырады

Ж) Салыстырмалы атомдық масса

Жауапты әріп пен сан жұбымен келтір.
(5 б.)

  1. Берілген заттардың ішінде қайсысы жай, қайсысы күрделі зат екенін көрсет:H2SO4, O2, H2O, HCl, N2, Cl2, NH3?

(3 б.)

  1. Малахиттің формуласы (CuOH)2CO3. Малахиттің салыстырмалы молекулалық массасын және оның құрамына кіретін оттектің массалық үлесін есепте.

(7 б.)

  1. Егер күкірт қышқылы молекуласының құрамына сәйкесінше екі сутек атомы, бір күкірт атомы және төрт оттек атомы кіретін болса, оның формуласы қалай жазылады?

Күкірт қышқылының салыстырмалы молекулалық массасын анықта.
(5 б.)

  1. Ойша эксперимент.

Ас тұзы мен балшықтан тұратын қоспаны бөлу үшін қандай әдістерді қолдануға болады?
(4 б.)

Жалпы: 30 балл.




Химия пәнінен мектепішілік олимпиадаға арналған тапсырмалар
9 сынып



  1. Массасы 4.6г сілтілік металды иодпен әрекеттестіргенде 30г металл иодиді түзілген. Реакцияға қандай сілтілік металл алынған? ( 3 ұпай)




  1. 28 г темірді хлормен әрекеттестіріп, 77.7 темір (II) және темір (III) хлоридтерінің қоспасы алынған. Алынған қоспадағы темір хлоридінің массасын есептеңіз ( 5 ұпай)




  1. 464 г темір қағынан темірді тотықсыздандыру үшін жұмсалатын алюминий салмағын есепте ( 4 ұпай)




  1. Мына бейметалдардың қайсысы кәдімгі жағдайда :B, H, O2 , Br2 , Cl2, Si, Kr, C, I2

а) газ
ә) сұйық
б) қатты (3ұпай)



  1. А элементі бірінші топта , В элементі бесінші топта орналасқан . Екеуінің қосылысындағы В элементінің тотығу дәрежесі -3. А элементі екі атомнан тұратын жай зат түзеді. В элементі оттекте жанып, түзілген қосылысы суда ерігенде көк лакмусты қызыл түске бояйды. Бұл қай элементтер? Олардан алынған қосылыстардың формулаларын және реакция теңдеулерін жазындар. ( 5 ұпай)

6. Түрөзгеріске сай реакция теңдеуін жазындар


CuO→CuSO4→CuCl2→Cu(NO3)2→CuO→Cu (5 ұпай)
Жалпы : 25 балл

Олимпиада есептері 10 класс





  1. 8.3 калий йодиді бар ерітіндіге 2.24 л хлорды жібергенде түзілетін йод салмағын есепте

( 3 ұпай)



  1. Массасы 10 г мыс пен алюминийдің қоспасын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде 6.72л ( қ.ж) сутек бөлінген. Қоспадағы мыс пен алюминийдің массалық үлестерін анықтаңдар.

( 3 ұпай)



  1. 250 г 10 % күкірт қышқылы ерітіндісін даярлау үшін, 96% (тығыздығы 1.84 г/мл) концентрлі қышқылдың, судың қандай көлемі жұмсалады?

( 5 ұпай )



  1. А және В элементтері бір топта орналасқан А элементі сутекті қосылысында ( II) валентті, бұл қосылыстағы сутектің массалық улесі 11,1%. А және В элементтері өзара екі қосылыс түзеді. Газ тәріздес бірінші қосылыстағы А- ның үлесі 50% , ол суда еріп қышқыл түзетін екінші қосылыстағы массалық үлесі 60% . А және В қай элементтер. Олар түзетін қосылыстарды атап, химиялық формулаларын және қасиеттерін көрсететін реакциялардың теңдеулерін жаз.

( 7 ұпай)



  1. Келесі химиялық өзгерістерді жүзеге асырыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар

FeS →SO2→NaHSO3→Na2SO4→NaNO3→O2→SO2→Ca(HSO3)2
(5 ұпай )



  1. Массасы 30 г калий нитратынан 40 °С температурада қаныққан ерітінді дайындау үшін қанша тұз қосу керек?

( 7 ұпай)
Жалпы : 30 балл
11 сынып олимпиада сұрақтары



  1. Массасы 20г көмір жанғанда 33,6л ( қ.ж) газ түзілетін болса, көмірдің тазалығы қандай?

( 4  ұпай)



  1. 5,35 аммоний хлориді мен 10 г кальций гидроксидін қосқанда бөлінетін ( қ.ж) аммиактың көлемі қандай?

( 4  ұпай)



  1. 10 % 900 г глюкоза ерітіндісі ашығанда тығыздығы 0,95г/мл 8% спирттің қандай көлемі ( мл) түзіледі?

( 5 ұпай)



  1. Сутекпен салыстырмалы тығыздығы 36- ға тең қаныққан көмірсутектің формуласын құрындар, ол қандай зат және неше құрылыстық изомері болады?

( 6 ұпай)



  1. Тұрөзгерістерге сай реакция тендеуін жаз

CuO→CuSO4→CuCl2→Cu(NO3)2→CuO→Cu
(5 ұпай)



  1. Көлемі 20 л метанды жағу үшін қанша көлем ауа қажет, егер ауаның көлем бойынша 20% -ы оттегі болса?

(6 ұпай )
Жалпы : 30 балл

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет