Химия рк сұрақтары


Рентгенграфтық және электронграфтық әдістер



бет27/30
Дата25.11.2023
өлшемі3,33 Mb.
#127822
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Рентгенграфтық және электронграфтық әдістер. Рентген сәулелерінің толқын ұзындығы молекулалардағы немесе кристалдардағы атомдар және иондардың ара қашықтығымен шамалас. Рентген сәулелері кристалдан өте отырып кристал параметрлеріне байланысты ауытқиды, шағылады. Олардың жолына фотоқабыршақты қоя отырып кристалдың рентгеннограммасын жасалады. Осылайша коллоидтық жүйелер зерттеледі.


  • **Коллоидтық жүйелердегі жарықтың сіңірілуі және коллоидты ерітінділердің түстері:**
    38.1 Коллоидты жүйелердің жарықты шашырату,жұту қасиеттері олардың оптикалық қасиетіне жатады.Дисперсті жүйелерде оның ішінде коллойдтық ерітінділердің негізгі оптикалық қасиеті-жарықты шашырату құбылысы,бұл дисперсті жүйелердің ерекше белгілері-гетерогенділік пен дисперстілікке байланысты.Жарық энергиясы жылулық формаға өтпей,жан-жақты бағытта бөлшектерден жаңадан шығарылады.Сондықтан шашыраған жарықты қараңғы фон жағынан байқауға болады.Жарықтың шашырау құбылысын ғалым Брюкке-1852 жылы,Фарадей-1887 жылы,Тиндаль-1869 жылы зерттеді.Бұл құбылысты Фарадей-Тиндаль құбылысы деп атайды.
    Осы сәтте Тиндаль эффектісін қарастыра кетсек:
    Коллоидты ерітінді өткінші жарықта қарастырғанда мөлдір сияқты көрінеді,ал егер жарық сәулесі коллоидты ерітіндіге бүйірінен түсірілсе,онда оның жолы қараңғы аймақта жарқыраған конус түрінде байқалады,ол Тиндаль конусы деп аталады.Тиндаль конусының негізінде коллоидты бөлшектердің өлшемдері мен түскен жарықтың толқын ұзындығына байланысты,коллоидты бөлшектердің көрінетін жарықты шашырату құбылысы жатыр.
    Жарық толқындарын ірі бөлшектер(10^-4/10^-7) шағылыстырады,мысалы,суспензиялар мен эмульсияларбөте майда бөлшектер төменгі молекулалық заттардың молекулалары мен иондары(10^-10) жарықты өткізеді,өлшемдері жарықтың жартылай толқын ұзындығына шамалас (10^-7/10^-9) бөлшектер,яғни коллоидты бөлшектер жарықты барлық жаққа шашыратады:жарық толқындары осындай бөлшектерге кездесіп,оны орағытып айналып өтеді,және сәле түзу сызықтан ауытқиды(жарықтың диффракция құбылысы).

    38.2 Ерітінділердің түстері


    Коллоидты жүйелер ортада дисперсті ұсақ бөлшектерден тұрады. Бұл бөлшектер әдетте нанометрден микрометрге дейінгі масштабта болады және олардың өлшемі көрінетін жарықтың толқын ұзындығымен салыстырылады. Жарық осы коллоидтық бөлшектермен әрекеттескенде, ол шашыраңқы және жұтылуы мүмкін, бұл түстердің пайда болуына әкеледі. Бұл құбылыс Тиндаль эффектісі ретінде белгілі. Коллоидты ерітіндінің түсі бөлшектердің мөлшері мен табиғатына байланысты. Кішкентай бөлшектер қысқа толқын ұзындығын (көк және күлгін) тиімдірек шашыратып, ерітіндіні көкшіл етіп көрсетуі мүмкін, ал үлкенірек бөлшектер ұзағырақ толқын ұзындығын (қызыл және қызғылт сары) шашыратып, нәтижесінде қызарған көрініс пайда болады. Түске бөлшектердің және ортаның сыну көрсеткіші де әсер етуі мүмкін.


    **Коллоидтық жүйелердің электрлік қасиеттері және электрокинетикалық құбылыстар:**
    Электрокинетикалық құбылыстар дегеніміз,электр тоғы қатысатын,екі фазаның салыстырмалы қозғалуы кезінде гетерогенді жүйелерде пайда болатын процестерді айтады:


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет