Зольдерді электролиттермен коагуляциялағанда екі түрлі коагуляция болады: концентрациялық коагуляция және бейтараптану коагуляциясы. Концентрациялық коагуляуцияиндеференттік электрлиттің әсерінен болады; ол кезде қарсы иондардың диффузиялық қабат қысылу салдарынан ζ-поетнциалының абсолюттік мәні азаяды.
Коллоидтық жүйелердің тұрақтылығы мен коагуляциясының қазіргі теориясы (ДЛФО теориясы) Қазіргі кезде жалпыға бірдей қабылданған электролиттік коагуляцияның жалпы теориясы — ол статикалық физиканың жалпы принциптеріне, ерітінділер теориясына және молекулалық күштердің әсерінің теориясына негізделе отырып жасалған коагуляцияның физикалық теориясы. Бұл теория бөлшектердің арасындағы молекулалық тарту және электростатикалық тебу күштерінің баланстарын қарастыра отырып электролиттік коагуляцияны түсіндірді.
Коагуляцияның механизмін түсіндіруде Дерягин және оның қызметкерлерінің «сыналық қысым» туралы ілімінің мәні зор. Олардың пікірі бойынша электролиттердің коагуляцияға әсері потенциалдың азаюының нәтижесінде тебу күштердің азаюынан емес, коагулятордың әсерінен қабаттың қүрылысының өзгеруінен және диффузиялық бөлігінің азаюынан болатын диффузиялық иондардың гидраттық қабаттарының механикалық тұрақтылығының (сыналық қысымның азаюымен) азаюымен түсіндіріледі.
Коагуляцияны сандық түрде сипаттауды алғаш 30-шы жылдарда Дерягин бастап, 1941 ол Ландаумен бірігіп коагуляцияның сандық теориясын жасады. Осы сияқты көзқараста голандиялық зерттеушілер Фервей мен Овербек те болды, олар бұл теорияны одан әрі дамытты. Сондықтан коагуляцияның физикалық теориясы осы кезде сол авторлардың фамилияларының алғашқы әріптерімен басталады (ДЛФО).
Жоғары молекулалық қосылыстар, олардың ерекшеліктері , медицинадағы маңызы
Жоғары молекулалы қосылыстар немесе полимерлер (гр. πολύ- — көп, μέρος — бөлік, бөлігі) — молекула құрамында өзара химикалық немесе координаттық байланыстармен қосылған жүздеген, мыңдаған атомдары бар және өздеріне ғана тән қасиеттермен ерекшеленетін заттар тобы.
Жоғары молекулалы қосылыстар көбіне молекулалары көп қайталанып отыратын мономерлер тізбегінен тұрады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы — полиэтилен, оның мономері — этилен. Жоғары молекулалы қосылыстар табиғи (ақуыздар, нуклеин қышқылдары, табиғи шайырлар), жасанды (табиғи полимерді химикалық реактивтермен әрекеттестіру кезінде алынатын), синтетикалық (полиэтилен, полипропилен, полистирол, полиамид, фенолды шайыр, т.б.) болып үш топқа бөлінеді. Табиғи жоғары молекулалы қосылыстар Биосинтез барысында тірі организм клеткаларында түзіледі. Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар мономерлерді поликонденсациялау, полимерлеу арқылы алынады. Олардың тізбектері ашық, бірінен соң бірі түзу сызық бойымен орналасқан мономер бөліктерінен, тарамдалған немесе тор тәрізді Жоғары молекулалардан құралған (қ. Полимерлер). Жоғары молекулалы қосылыстар машина жасауда, құрылыста, ауыл шаруашылығында, электртехникада, медицинада, т.б. көптеген салаларда кеңінен қолданылады. Құрылым буындарына қарай ЖМҚ екіге бөлінеді: құрылым буындары бірдей болса, полимер, әр түрлі болса, сополимер деп аталады. Полимерлер мономерлерден синтезделеді, полимердің қайталанып отыратын ең кіші бөлігін құрылым буыны, ал олардың санын полимерлену дәрежесі деп атайды. ЖМҚ молекулалық массаларына байланысты кіші молекулалы Мг<500, олигомерлер (500<Мг<5000), үлкен молекулалы М >5000 деп шартты түрде бөлінеді.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген полимер бұйымдарын жалпы қасиеттері мен олардан жасалатын заттардың түріне, сондай-ақ өндіру әдісіне қарай төрт типке бөледі:
Конструкциялық пластиктер. Оларды көбіне пластмассалар деп атайды. Пластмассаға кейін толығырақ тоқталамыз. Басқа полимерлерден айырмашылығы мынадай: пластиктер — бөліну беріктігі 50—200 кг/см2 болатын қатты заттар.
Эластомерлер. Оған каучук, резеңке және осыларға ұқсас материалдар жатады. Эластомерлерге атына сәйкес жоғары (эластикалық) иілімділік, созылғыштық тән, деформациялығы қайтымды.