Химиялық байланыстар



бет4/6
Дата15.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#115352
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
хим приз

- π (пи) – байланыс, ол атомдардың перпендикулярлық центрін қосатын осьтің бойымен электрондық бұлттардың бүйірден қайта жабылуы тұсында түзіледі. Пи- байланыс келесі орбитальдық қайта жабылу кезінде түзіле алады: р-р; р-d; d-d; ƒ-р; ƒ-d; ƒ-ƒ;
- δ (дельта) – байланыс төрт жапырақшаның бәрімен де қайта жабылғанда түзіледі.
π – байланыстар σ – байланыспен түйіскенде қос байланыс түзіледі, мысалы: оттектің, этиленнің, көміртек диоксиді молекулаларында. Қанықпаған қос байланыс екі сызықшамен өрнектелінеді: О=О, О=С=О.Екі π – байланыс бір σ – байланыспен түйіскенде үш байланыс түзіледі, мысалы: азоттың, ацетиленнің және көміртек (IV) оксидінің молекуласында. Үштік байланыстар үш сызықшамен өрнектелінеді: N≡N, –С≡С–, –С≡О. Жай және қос байланыстың ұзындығымен және энергиясымен салыстырғанда, үш байланыстың энергиясы жоғары, ал байланыстың ұзындығы қысқа. Қос және үш байланысты еселі байланыстар деп атайды.

ВБ әдісі келесі ережелерге негізделген:

1. Байланыстарды түзуге тек сыртқы электрон қабатындағы электрондар (валенттік электрондар) қатысады;

2. Химиялық байланыстарға түсуші атомдар өзара электрондарымен алмасады да, бұл электрондар байланыстырушы жұптарды түзеді;

3. Химиялық байланыс Паули қағидасына сәйкес, тек антипараллельді спиндегі электрондар арасында ғана түзіледі; мұндайда атом ядроларының арасында электрондық тығыздық жоғарылаған аймақ пайда болады;

4. Химиялық байланыстың сипаттамалары (энергиясы, ұзындығы, үйектігі және т.б.) атомдық орбитальдардың қайта жабылу типімен анықталады;

5. Молекулалар түзілген кезде электрондық құрылым (сыртқы қабаттан басқасы) және әрбір атомның химиялық өзінділігі сақталынады.

МО әдісінің негізгі ережелері

1. Молекула өзінің дербестілігін (индивидуальділігін) сақтайтын атомдардың жиынтығы ретінде емес, ол ядро мен электрондардың біріккен жүйесі ретінде қарастырылады;

2. Молекулалардағы электрондар молекулалық орбитальдар бойынша таралады, олар атомдық орбитальдар (АО) сияқты белгілі энергиямен және түрпішінімен сипатталады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет